О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 25 августа 2014 года № 277 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта Южно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 25 августа 2014 года № 277 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта Южно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 277 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 52
- Қабылданған күні
- 06.03.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 28.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2016 89237_83017.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15U0003118
- ЭКБ идентификаторы
- 89237
- Редакция идентификаторы
- 89237_83017
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:13
0 «Оңтүстік Қазақстан облысының
дене шынықтыру және спорт
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
туралы ережені бекіту туралы»
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
25 тамыздағы №277 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңдарына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардығы №20 «Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түлкібас ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын қайта ұйымдастыру туралы», 2015 жылғы 16 ақпандағы №37 «Кейбір коммуналдық мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы» қаулыларына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №277 «Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2803-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 26 қыркүйекте «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері» деген 2-тарауда:
16- тармақ:
мынадай мазмұндағы 22-1), 22-2) және 22-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«22-1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
22-2) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе береді;
22-3) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;».
«Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату» деген 5-тарауда:
27-тармақта:
2), 15), 17), 23) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18-1), 26-1), 26-2) және 26-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-1) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түлкібас ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26-1) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облысының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
26-2) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облысының Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
26-3) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облысының ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;».
2. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А.Қаныбековке жүктелсін.
Б. Оспанов
Б. Жылқышиев
Е.Айтаханов
С. Қаныбеков
Е. Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
Р.Исаева