Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 25 июня 2014 года № 290 «Об утверждении Правил повышения квалификации профессиональных бухгалтеров»

Бұйрық · № 414 · қабылданған 04.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2014-no-290/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 25 июня 2014 года № 290 «Об утверждении Правил повышения квалификации профессиональных бухгалтеров» Қолданыста Бұйрық ·№ 414 ·04.07.2024
04.07.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 25 июня 2014 года № 290 «Об утверждении Правил повышения квалификации профессиональных бухгалтеров»

Қолданыста Бұйрық ·№ 414 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 25 июня 2014 года № 290 «Об утверждении Правил повышения квалификации профессиональных бухгалтеров»
Атауы (қаз.)
«Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 290 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
414
Қабылданған күні
04.07.2024
Көрсетілген редакция
04.07.2024 198565_708911.kaz
Соңғы өзгеріс
04.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034711
ЭКБ идентификаторы
198565
Редакция идентификаторы
198565_708911
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:41

0 «Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің

2014 жылғы 25 маусымдағы № 290 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 290 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9623 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Біліктілікті арттыру курсының міндетті сағаттары өзіне қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттары бойынша теориялық және практикалық мәселелерді, Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және экономика, қаржы, аудит, менеджмент, салықтық, азаматтық, банктiк, сақтандыру және әлеуметтік заңнамалары саласында басқа мәселелерді және есепке алу процестерін ақпараттандыруды зерделеуді қамтиды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы