Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 25 сентября 2014 года № 319 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка и порядка содержания осужденных на гауптвахте органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»

Бұйрық · № 105/қе · қабылданған 26.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2014-no-319-ekb-199220/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 25 сентября 2014 года № 319 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка и порядка содержания осужденных на гауптвахте органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 105/қе ·26.07.2024
26.07.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 25 сентября 2014 года № 319 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка и порядка содержания осужденных на гауптвахте органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 105/қе · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 25 сентября 2014 года № 319 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка и порядка содержания осужденных на гауптвахте органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
105/қе
Қабылданған күні
26.07.2024
Көрсетілген редакция
26.07.2024 199220_714168.kaz
Соңғы өзгеріс
26.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034832
ЭКБ идентификаторы
199220
Редакция идентификаторы
199220_714168
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:21

0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9842 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 83-бабының 2-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі (бұдан әрі – ҚАК) 83-бабының 2-бөлігіне сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының (бұдан әрі – ӘПО) гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібін анықтайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қамауға алынған әскери қызметшілерді ұстау «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жазасын өтеу кезеңінде сотталған әскери қызметшіні барлық үлес түрінен алу туралы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 55/ҚБП бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15679 болып тіркелген) көзделген тәртіппен расталған әскери бөлім командирі бұйрығының көшірмесін немесе одан үзіндіні;»;
55-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сотталған әскери қызметші гауптвахтадан кеткеннен кейін оның атына келіп түскен хаттар үш жұмыс күнінен кешіктірілмей оның жазасын өтеу орны, қызмет өткеру орны не болмаса тұрғылықты жерiнің мекенжайы бойынша жөнелтіледі.»;
10-тарау алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы