О внесении изменений в решение Павлодарского районного маслихата от 25 апреля 2014 года № 32/242 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Павлодарского районного маслихата от 25 апреля 2014 года № 32/242 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі «Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 32/242 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 55/250
- Қабылданған күні
- 18.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2020 133044_500970.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PK006454
- ЭКБ идентификаторы
- 133044
- Редакция идентификаторы
- 133044_500970
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:29
0 Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі «Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы»
№ 32/242 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі «Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 32/242 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3780 болып тiркелген, 2014 жылғы 4 мамырда «Заман тынысы», «Нива» аудандық газеттерінде жарияланған) шешiмiне келесі өзгерiстер енгiзiлсiн:
жоғарыда көрсетілген шешімнің 1-тармағында:
он бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысына (одан әрі - ҰОС) қатысушылар мен мүгедектеріне 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ 5 АЕҚ мөлшерінде азық-түлік жиынтығы;»;
он төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Ауғанстандағы әскері іс-қимылдарға қатысқан адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;»;
он бесінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Чернобыль атом электростанциясындағы аварияны 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі аварияны жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға 10 АЕК мөлшерінде;».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық, азаматтардың құқығын сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар облысының әкімі
______________Б. Бақауов
2019 жылғы «27» маусымдағы