Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 ноября 2014 года № 484 "Об утверждении Правил разработки государственных общеобязательных стандартов образования"

Бұйрық · № 84 · қабылданған 27.01.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2014-no-484/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 ноября 2014 года № 484 "Об утверждении Правил разработки государственных общеобязательных стандартов образования" Күшін жойған Бұйрық ·№ 84 ·27.01.2016
04.10.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 ноября 2014 года № 484 "Об утверждении Правил разработки государственных общеобязательных стандартов образования"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 84 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 ноября 2014 года № 484 "Об утверждении Правил разработки государственных общеобязательных стандартов образования"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 484 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
84
Қабылданған күні
27.01.2016
Көрсетілген редакция
04.10.2018 99437_359984.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013169
ЭКБ идентификаторы
99437
Редакция идентификаторы
99437_359984
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:52

0 «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім

беру стандарттарын әзірлеу қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 25 қарашадағы № 484 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9997 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 59 (28537) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу қағидаларында:
10-тармақта:
5) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары мазмұнына және білім алушылар даярлығының біліктілік деңгейіне қарай Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес төмендегілерді меңгеруге бағытталған:»;
6), 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары орта білімі (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік) бар азаматтар қатарынан білікті жұмысшы кадрларды, орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауға бағытталған;
7) жоғары білімнің білім беру бағдарламалары біліктілік және (немесе) «бакалавр» академиялық дәрежесін бере отырып, мамандар даярлауға, олардың кәсіби даярлық деңгейін жүйелі түрде арттыруға бағытталған және жалпы білім беретін, базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруді, сондай-ақ тиісті мамандықтар бойынша кәсіптік практикадан өтуді көздейді;
8) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары жоғары білікті ғылыми және педагог кадрларды даярлауға, олардың ғылыми және педагогикалық даярлық деңгейін жүйелі түрде арттыруға бағытталған және базалық және бейінді пәндер қамтылған теориялық оқытуды; ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп диссертация жазуды көздейді;»;
11-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«11. «Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» деген бөлім мақсаттарды, құндылықтарды, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің типтік жасын, әрбір деңгейдің білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімін сипаттаудан тұрады.»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұнын ұйымдастыру тәсілдері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленетін білім беру бағдарламаларымен анықталады;»;
15) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі:».

2 2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы