Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 июня 2014 года № 5-2/325 «Об утверждении формы учета запасов продовольственных товаров по регионам и правил представления отчетности»

Бұйрық · № 239 · қабылданған 02.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2014-no-5-2325/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 июня 2014 года № 5-2/325 «Об утверждении формы учета запасов продовольственных товаров по регионам и правил представления отчетности» Қолданыста Бұйрық ·№ 239 ·02.07.2024
02.07.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 июня 2014 года № 5-2/325 «Об утверждении формы учета запасов продовольственных товаров по регионам и правил представления отчетности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 239 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 июня 2014 года № 5-2/325 «Об утверждении формы учета запасов продовольственных товаров по регионам и правил представления отчетности»
Атауы (қаз.)
«Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысанын және есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 5-2/325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
239
Қабылданған күні
02.07.2024
Көрсетілген редакция
02.07.2024 198556_710531.kaz
Соңғы өзгеріс
02.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034705
ЭКБ идентификаторы
198556
Редакция идентификаторы
198556_710531
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:43

0 «Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысанын және есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы

25 маусымдағы № 5-2/325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысанын және есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 5-2/325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9615 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және
интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі Ұлттық
статистика бюросы

1 Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 2 шілдедегі
№ 239 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 5-2/325 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-АТТҚ
Кезеңділік: ай сайын
Есепті кезең: 20___ жылғы ____________
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: қызметі азық-түлік тауарларын сақтау объектілерімен байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілер (бұдан әрі – шаруашылық жүргізуші субъектілер), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері).
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:
шаруашылық жүргізуші субъектілер аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей;
аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей.
тонна

Өнім ата­уы
Бар­лы­ғы, тон­на
оның ішін­де
ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы кә­сі­по­рын­да­рын­да, тон­на
ша­руа/фер­мер­лік ша­ру­а­шы­лық­тар­да, тон­на
бас­қа кә­сі­по­рын­дар мен да­ра кә­сіп­кер­лер­де (са­уда нүк­те­ле­рін­де), тон­на
қой­ма­лар­да­ғы қор (кө­тер­ме та­ра­ту ор­та­лық­та­ры, кө­лік-ло­ги­сти­ка­лық ор­та­лық­тар, кө­тер­ме са­уда­гер­ле)
азық-тү­лік та­у­ар­ла­ры­ның өңір­лік тұ­рақ­тан­ды­ру қор­ла­ры­ның қо­ры, тон­на
кө­кө­ніс қой­ма­ла­ры­ның қо­ры, тон­на
же­міс қой­ма­ла­ры­ның қо­ры, тон­на
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1.
Азық-тү­лік­тік кү­ріш
2.
Кар­топ
3.
Қы­рық­қа­бат
4.
Ас­ха­на­лық қы­зы­л­ша
5.
Ба­сты пи­яз
6.
Ас­ха­на­лық сә­біз
7.
Бұ­рыш
8.
Қы­за­нақ
9.
Қи­яр
10.
Ал­ма
11.
Шұ­жық өнім­де­рі
12.
Жыл­қы еті
13.
Сиыр еті
14.
Қой еті
15.
Шош­қа еті
16.
Та­уық еті
17.
Сал­қын­да­ты­л­ған және мұз­да­ты­л­ған ба­лық
18.
Өң­дел­ген сүт
19.
Қыш­қыл сүт өнім­де­рі
20.
Са­ры май
21.
Ірім­шік және сүз­бе
22.
Би­дай ұны
23.
Нан
24.
Ма­ка­рон­дар
25.
Қа­ра­құ­мық жар­ма­сы
26.
Та­зар­ты­л­ған күн­ба­ғыс майы
27.
Құм­ше­кер
28.
Тұз
29.
Та­уық жұ­мырт­қа­сы, мың да­на
Атауы______________________________________________________________________
Мекенжайы _________________________________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: __________________________________________________
Телефон____________________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
___________________________________ ___________________________________
(аты және әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

1.0 «Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

«Өңірлер бойынша азық-түлік
тауарларының қорларын есепке алу»
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша
«Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке
алу» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме «Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

3 3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

4 4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

5 5. Нысанның 2-бағанында өнімнің атауы көрсетіледі;

6 6. Нысанның 3-бағанында көрсетілген жолдың 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-бағандарында көрсетілген деректердің жалпы сомасы көрсетіледі.

7 7. Нысанның 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-бағандарында заттай мәнде бар 2-бағанда көрсетілген азық-түлік тауарларының нақты көлемі көрсетіледі.

8 8. 3-баған сомасы 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-бағандарда көрсетілген сомадан аспауы қажет.

Нысанды осылай толтыру схемасы нысанның барлық жолдарын толтырған кезде сақталады.

2 Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлары қорларын есепке алу бойынша есептілікті ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 2 шілдедегі
№ 239 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 5-2/325 бұйрығына
2-қосымша
Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлары қорларын есепке алу бойынша есептілікті ұсыну қағидалары

1

1. Осы Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлары қорларын есепке алу бойынша есептілікті ұсыну қағидалары «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу бойынша есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

2 2. Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ай сайын жүргізеді.

3

3. Қызметі азық-түлік тауарларын сақтау объектілерімен байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілер (бұдан әрі – шаруашылық жүргізуші субъектілер) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген «Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлары қорларын есепке алу» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – есептілік) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына ұсынады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер есептілікті пошта байланысы қызметтері арқылы немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының электрондық мекенжайы бойынша жібереді не аудандардың, қалалық облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі арқылы қолма-қол енгізеді.

4

4. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары шаруашылық жүргізуші субъектілерден азық-түлік тауарлары қорларының бар болуы туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады және ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей есептілікті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсынады.

5

5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары облыста (астана, республикалық маңызы бар қала) азық-түлік тауарлары қорларының болуы туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады және ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей есептілікті Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі-Министрлік) ұсынады.

6 6. Министрлік республика бойынша есептілікті жинауды, қорытындылауды және талдауды жүзеге асырады және оны азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында пайдаланады.

Қолданыстағы