Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Бурабайского районного маслихата от 25 сентября 2014 года № 5С-34/2 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Бурабайском районе»

Өзге акт · № 7С-28/2 · қабылданған 04.10.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2014-no-5-342-ekb-172630/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Бурабайского районного маслихата от 25 сентября 2014 года № 5С-34/2 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Бурабайском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 7С-28/2 ·04.10.2022
10.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Бурабайского районного маслихата от 25 сентября 2014 года № 5С-34/2 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Бурабайском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 7С-28/2 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Бурабайского районного маслихата от 25 сентября 2014 года № 5С-34/2 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Бурабайском районе»
Атауы (қаз.)
Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 5С-34/2 «Бурабай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудың тәртібін және мөлшерін анықтау туралы» шешiмiне өзгерістер мен толықтыру енгiзу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7С-28/2
Қабылданған күні
04.10.2022
Көрсетілген редакция
10.11.2023 172630_665615.kaz
Соңғы өзгеріс
10.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22BS030067
ЭКБ идентификаторы
172630
Редакция идентификаторы
172630_665615
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:38

0 Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 5С-34/2 «Бурабай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудың тәртібін және мөлшерін анықтау туралы» шешiмiне өзгерістер мен толықтыру енгiзу туралы

Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Бурабай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудың тәртібін және мөлшерін анықтау туралы» Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 5С-34/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4398 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бурабай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудың тәртібін және мөлшерін айқындау туралы»;
кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Бурабай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағы алынып тасталсын;
осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Бурабай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

Бурабай аудандық мәслихатының
2022 жылғы 4 қазандағы
№ 7С-28/2 шешіміне
қосымша
Бурабай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

1

1. Осы Бурабай ауданында мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) 3-қосымшаға (бұдан әрі - шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі-оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) «Бурабай ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.

3

3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу психологиялық- медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

5

5. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы), төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6

6. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.

7 7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы