О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 ноября 2014 года № 843 «Об утверждении требований, предъявляемых к соответствию состояния здоровья и проведению медицинского освидетельствования спасателей»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 ноября 2014 года № 843 «Об утверждении требований, предъявляемых к соответствию состояния здоровья и проведению медицинского освидетельствования спасателей»
- Атауы (қаз.)
- «Құтқарушылардың денсаулық жағдайының сай келуіне және оларды медициналық куәландырудан өткізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 843 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11
- Қабылданған күні
- 27.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 27.10.2020 147953_488632.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021543
- ЭКБ идентификаторы
- 147953
- Редакция идентификаторы
- 147953_488632
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:07
0 «Құтқарушылардың денсаулық жағдайының сай келуіне және оларды медициналық куәландырудан өткізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 843 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Құтқарушылардың денсаулық жағдайының сай келуіне және оларды медициналық куәландырудан өткізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 843 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10035 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген құтқарушылардың денсаулық жағдайының сай келуіне және оларды медициналық куәландырудан өткізуге қойылатын талаптарда:
1-тармақта:
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) невротикалық, депресивті, стресске байланысты, соматофорлық, мінез-құлықтық бұзылулар және тұлғаның бұзылуы анықталған жағдайларда психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар (аурулар), құтқарушының жұмысқа кәсіби жарамдылығы туралы мәселені дәрігерлік комиссия шешеді;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулар (аурулар) бойынша, оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар (аурулар)»;
8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«8. Құтқарушыларды ауысым алдындағы медициналық куәландыру еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін, оның ішінде осы ауысымда психоактивті заттарды қолдануға байланысты жай-күйлер мен аурулардың белгілерін анықтау мақсатында жұмыс ауысымы басталар алдында (төтенше жағдайды жою барысында жұмыс ауысымы аяқталғанға дейін және аяқталғаннан кейін) жүргізіледі».
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі:
1 1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің ресми интернет-ресурсында жариялауды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі