О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата от 25 ноября 2014 года №30-5 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральск»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата от 25 ноября 2014 года №30-5 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральск»
- Атауы (қаз.)
- Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы №30-5 «Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39-3
- Қабылданған күні
- 03.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2021 96840_517214.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ZA004182
- ЭКБ идентификаторы
- 96840
- Редакция идентификаторы
- 96840_517214
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:19
0 Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы
25 қарашадағы №30-5 «Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы №30-5
«Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3720 тіркелген, 2014 жылғы 25 желтоқсандағы «Жайық үні – Жизнь города» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және
тәртібін айқындау туралы қағидасында:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Тұрғын үйді күтіп ұстау, коммуналдық қызметті пайдалану және
жалға берілетін үйлерде тұрғын жайды пайдалану шекті жол берілетін
шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысынан 10%, ал жалғызбасты және ерлі-зайыпты жұптар үшін: зейнеткерлер, мүгедектер үшін ауыру себебіне қарамастан және оларды күтетін азаматтарға, тұл жетім балалар, ата-анасыз қалған балалармен бірге тұратын қамқоршылар, күндіз оқу нысанындағы
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте, кәмелетке толмаған балалармен бірге тұратын немесе үш
жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған баласымен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жасы жиырма үш жастан аспайтын
күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын тұлғалармен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жасы 50-ден асқан жұмыссыз әйелдер, жасы 55-тен асқан жұмыссыз ерлер үшін 7% көлемінде белгіленеді.»;
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«14. Отбасының (азаматтың) тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шекті жол берілетін шығыстар үлесі, отбасының табысы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық қызметтің тарифтері мен
ставкалары өзгерген жағдайда алдыңғы тағайындауда уақытылы ескерілмеген табыстарды уәкілетті орган бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейді.
Тұрғын үй көмегін тағайындағанға дейінгі төленбеген коммуналдық
қызметтер бойынша берешектер есепке алынбайды.».