О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Акжаикского района от 25 июля 2014 года №308 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел ветеринарии Акжаикского района Западно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Акжаикского района от 25 июля 2014 года №308 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел ветеринарии Акжаикского района Западно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Ақжайық ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі №308 «Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 182
- Қабылданған күні
- 23.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.10.2016 89735_128566.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.10.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ZB003911
- ЭКБ идентификаторы
- 89735
- Редакция идентификаторы
- 89735_128566
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:22
0 Ақжайық ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 25 шілдедегі №308
«Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданының ветеринария
бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2014 жылғы
17 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі №308 «Батыс
Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 11 тамызда №3604 тіркелген, 2014 жылғы 14 тамыздағы «Жайық таңы» газетінде жарияланған) қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15 тармақта:
12 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының
профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;»;
14 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажетттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органына ақпарат беру;»;
Мынадай мазмұндағы тармақшаларымен толықтырылсын:
«21) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
22) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы
заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды
және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
23) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
24) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
25) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
26) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны
ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
27) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
28) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың
мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
29) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне Қазақстан
Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.».