О внесении изменения в решение акима Наурызбайского района города Алматы от 25 февраля 2015 года № 1 «Об образовании избирательных участков по Наурызбайскому району города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Наурызбайского района города Алматы от 25 февраля 2015 года № 1 «Об образовании избирательных участков по Наурызбайскому району города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы «Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 05.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 20.11.2018 109638_371494.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17RH001342
- ЭКБ идентификаторы
- 109638
- Редакция идентификаторы
- 109638_371494
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:30
0 Алматы қаласы Наурызбай ауданы
әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы
«Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша
сайлау учаскелерін құру туралы»
№ 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабы сәйкес, Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы «Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» № 1 шешіміне (2015 жылы 27 ақпанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1130 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» газетінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 24-26 (5060) санында және «Вечерний Алматы» газетінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 25 санында жарияланған) (бұдан әрі - шешім) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 – тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабы және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 42 бабының 2 тармақтың 4) - тармақшасы негізінде, Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:».
2
2. Осы шешімді Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді жүргізсін, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай - ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген интернет – ресурста және Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ресми интернет – ресурсында жарияласын.
3 3. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау жүргізу Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Алматы қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
Ж. Асанова
5 қаңтар 2017 жыл