Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1019 «Об утверждении Правил и сроков проведения обучения, инструктирования и проверок знаний по вопросам безопасности и охраны труда работников, руководителей и лиц, ответственных за обеспечение безопасности и охраны труда»

Бұйрық · № 147 · қабылданған 29.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2015-no-1019-ekb-156678/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1019 «Об утверждении Правил и сроков проведения обучения, инструктирования и проверок знаний по вопросам безопасности и охраны труда работников, руководителей и лиц, ответственных за обеспечение безопасности и охраны труда» Қолданыста Бұйрық ·№ 147 ·29.04.2021
29.04.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1019 «Об утверждении Правил и сроков проведения обучения, инструктирования и проверок знаний по вопросам безопасности и охраны труда работников, руководителей и лиц, ответственных за обеспечение безопасности и охраны труда»

Қолданыста Бұйрық ·№ 147 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1019 «Об утверждении Правил и сроков проведения обучения, инструктирования и проверок знаний по вопросам безопасности и охраны труда работников, руководителей и лиц, ответственных за обеспечение безопасности и охраны труда»
Атауы (қаз.)
«Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
147
Қабылданған күні
29.04.2021
Көрсетілген редакция
29.04.2021 156678_529156.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022686
ЭКБ идентификаторы
156678
Редакция идентификаторы
156678_529156
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:20

0

«Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12665 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қашықтан оқыту – педагог пен білім алушылардың қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара іс-қимыл жасауы кезінде жүзеге асырылатын оқыту;»;
3-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар (бұдан әрі – жауапты жұмыскерлер) мерзім сайын, кемінде үш жылда бір рет оқұ орталықтарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтеді.»;
21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне оқыту және білімді тексеру күндізгі оқу немесе «оn-lіne» режимінде желілік технология бойынша қашықтықтан оқыту нысанында жүргізілуі мүмкін.
22. Оқу орталығының мыналарды:
1) аудио-бейнетехникамен жабдықталған оқу сыныбын (меншікті немесе жалға алынған);
2) тестілеу үшін компьютерлерді;
3) оқытудың әртүрлі тақырыптары бойынша көрнекі құралдарды;
4) оқу-әдістемелік материалдарды (мерзімді басылымдар) қамтитын материалдық-техникалық базасы бар.
Қашықтықтан оқыту кезінде оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу орталығында:
1) оқу контенті мен білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әкімшілік ақпараты бар парақтардан тұратын білім беру порталының;
2) оқытуды интернет желісі арқылы «оn-lіne» режимде (бейнеконференция) жүргізу мүмкіндігі бар мультимедиалық сыныптардың болуы талап етіледі.»;
28-тармақтың бірінші бөлігі мынададй редакцияда жазылсын:
«28. Емтихан комиссиясы төрағадан және комиссия мүшелерінен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына оқу орталығының басшысы, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының мамандары (келісу бойынша), жұмыскерлердің өкілі, сондай-ақ Қағидалардың 24-тармағында аталған мамандардың ішінен адамдар кіреді.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Жауапты жұмыскерлердің білімдерін тексеру үшін емтихан комиссиясы тестілеу өткізеді.
Тестілеу процесі емтихан тапсыратын адамдарды сәйкестендіру және процесті бақылау мақсатында бейне және аудиожазбамен бекітіледі. Жазба алты ай ішінде сақталады.»;
33-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
34-тармақ алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы