О внесении изменения в совместный приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1021 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 807 «Об утверждении Критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере предоставления специальных социальных услуг и в области социальной защиты лиц с инвалидностью»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в совместный приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1021 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 807 «Об утверждении Критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере предоставления специальных социальных услуг и в области социальной защиты лиц с инвалидностью»
- Атауы (қаз.)
- «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1021 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 807 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 222
- Қабылданған күні
- 15.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2023 183651_641712.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033027
- ЭКБ идентификаторы
- 183651
- Редакция идентификаторы
- 183651_641712
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:21
0
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1021 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 807 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1021 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 807 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12701 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) субъектіге (объектінің) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бақылау субъектілерін іріктеу үшін әзірленді»
2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Бас
Прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті