Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в совместный приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1022 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 801 «Об утверждении Критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением трудового законодательства Республики Казахстан»

Бұйрық · № 405 · қабылданған 04.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2015-no-1022-28-2015-no-801-ekb-172580/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в совместный приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1022 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 801 «Об утверждении Критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением трудового законодательства Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 405 ·04.10.2022
04.10.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в совместный приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1022 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 801 «Об утверждении Критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением трудового законодательства Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 405 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в совместный приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1022 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 801 «Об утверждении Критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением трудового законодательства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
405
Қабылданған күні
04.10.2022
Көрсетілген редакция
04.10.2022 172580_595549.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030069
ЭКБ идентификаторы
172580
Редакция идентификаторы
172580_595549
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:37

0

«Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1.«Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12656 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағының үшінші бөлігіне, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ»;
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында, көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу кезінде бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін әзірленді.»;
Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қосымшада:
реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
13
Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған, кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту және кәсіптік оңалту саласында жұмыс берушінің сақтауы
Елеулі
»;
реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
23
Мүгедектігі бар адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан айырылған немесе кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындау, сондай-ақ уәкілетті органға жұмыс берушінің таратылуына байланысты жұмыскерлердің алдағы жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты беруі, уәкілетті органға бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді уақтылы беру, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы хабарлау
Болмашы
»;
өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парақта, көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген:
реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
13
Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған, кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту және кәсіптік оңалту саласында жұмыс берушінің сақтауы
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
»;
реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
23
Мүгедектігі бар адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан айырылған немесе кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындау, сондай-ақ уәкілетті органға жұмыс берушінің таратылуына байланысты жұмыскерлердің алдағы жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты беруі, уәкілетті органға бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді уақтылы беру, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы хабарлау
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
»;
өндірістік емес саладағы (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, сауда, тұру және тамақтану бойынша қызметтер) ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парақта, көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген:
реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
13
Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған, кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту және кәсіптік оңалту саласында жұмыс берушінің сақтауы
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
»;
реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
23
Мүгедектігі бар адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан айырылған немесе кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындау, сондай-ақ уәкілетті органға жұмыс берушінің таратылуына байланысты жұмыскерлердің алдағы жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты беруі, уәкілетті органға бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді уақтылы беру, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы хабарлау
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
»;
жұмыскерлері еңбек қызметін кеңсе үй-жайларында жүзеге асыратын өндірістік емес саладағы ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парақта, көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшамен бекітілген:
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
11
Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған, кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту және кәсіптік оңалту саласында жұмыс берушінің сақтауы
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
»;
реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
21
Мүгедектігі бар адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан айырылған немесе кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындау, сондай-ақ уәкілетті органға жұмыс берушінің таратылуына байланысты жұмыскерлердің алдағы жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты беруі, уәкілетті органға бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді уақтылы беру, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы хабарлау
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
».

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2 2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А. Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу
жөніндегі комитет

Қолданыстағы