Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в совместный приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1022 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 801 «Об утверждении Критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением трудового законодательства Республики Казахстан»

Бұйрық · № 142 · қабылданған 02.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2015-no-1022-28-2015-no-801-ekb-180785/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в совместный приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1022 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 801 «Об утверждении Критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением трудового законодательства Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 142 ·02.05.2023
02.05.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в совместный приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1022 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 801 «Об утверждении Критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением трудового законодательства Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 142 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в совместный приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1022 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 801 «Об утверждении Критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением трудового законодательства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
142
Қабылданған күні
02.05.2023
Көрсетілген редакция
02.05.2023 180785_631180.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032427
ЭКБ идентификаторы
180785
Редакция идентификаторы
180785_631180
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:21

0

«Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12656 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуратурасының
Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу
жөніндегі комитет

0 Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

Бірлескен бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
және әлеуметтік даму
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1021
және Ұлттық экономика министрінің
Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 807 бірлескен бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтаудағы
тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, «Тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бақылау субъектілерін іріктеу үшін әзірленді.

2 2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) бақылау субъектілері – қызметіне бақылау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

2 2) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

3 3) болмашы бұзушылықтар – еңбек заңнамасының еңбек қатынастарына, кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін жүзеге асыруға қатысты жұмыс беруші қабылдаған актілердің заңдылығы бөлігіндегі бұзушылықтары, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту және шетелдік жұмыс күшін тарту туралы заңнамаларды бұзу;

4 4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

5 5) елеулі бұзушылықтар – осы тармақтың 3) және 6) тармақшаларына сәйкес өрескел және болмашы бұзушылықтарға жатпайтын еңбек заңнамасының және еңбекті қорғау бойынша бұзушылықтары;

6 6) өрескел бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес тәуекел дәрежесін бағалаудың субъектілік өлшемшарттарында көрсетілген;

7 7) тәуекел – адамның өмірін немесе денсаулығын бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

8 8) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

9 9) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

10

10) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;

11 11) тексеру парағы-сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіретін бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптардың тізбесі;

12

12) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі

2 2-тарау. Реттеуші бақылау субъектілерінің (объектілерінің) және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

3

3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бірнеше кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.
Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттар жөніндегі мемлекеттік органдар бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:

1 1) жоғары тәуекел;

2 2) орташа тәуекел;

3 3) төмен тәуекел.

Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салалары үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салалары үшін жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Екінші кезеңде субъективті өлшемшарттар жөніндегі мемлекеттік органдар бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:

1 1) жоғары тәуекел;

2 2) орташа тәуекел;

3 3) төмен тәуекел.

Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға:

1 1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

2 2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

3 3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.

4

4. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.
Бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) субъективті өлшемшарттар бойынша өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың белгіленген айқындауларына сәйкес беріледі.

5 5. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

6 6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың еселігін бақылау органдары жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жылына екі реттен жиі емес айқындайды.

7 7. Бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде бақылау субъектісіне барумен жүргізіледі.

8 8. Көрсетілген өлшемшарттарды айқындау үшін есеп кезеңі бақылау субъектісіне бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізу жылының алдындағы жыл болып табылады.

1 1-параграф. Объективті өлшемшарттар

9 9. Осы Өлшемшарттардың 10, 11 және 12-тармақтарына сәйкес жүргізілген ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізілгеннен кейін бақылау субъектілері (объектілері) объективті өлшемшарттар (жоғары, орташа және төмен) бойынша тәуекелдің үш дәрежесі бойынша бөлінеді.

10 10. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейіне адамның өмірі мен денсаулығына, жеке тұлғалардың заңды мүдделеріне қауіп төндіру мүмкіндігі жоғары мынадай:

тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу;
электрмен қамтамасыз ету, газ, бу жіберу және ауаны баптау;
өңдеу өнеркәсібі;
құрылыс;
тасымалдау және сақтау;
сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлу;
ақпарат және байланыс;
ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы сияқты экономикалық қызмет түрінде қызметін жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатқызылады.
Сонымен қатар объективті өлшемшарттар бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттың жүйесінің есептілік деректеріне сәйкес 30-дан астам шетелдік жұмыс күшін тартатын бақылау субъектілері тәуекелдердің жоғары деңгейіне жатады.

11 11. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің орташа дәрежесіне денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, cпорт, әлеуметтік қамсыздандыру, сауда, тұру және тамақтану жөніндегі қызмет көрсетуді жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады.

12 12. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің төмен дәрежесіне жұмыскерлері еңбек қызметін офистік үй-жайларда жүзеге асыратын өндірістік емес саланың бақылау субъектілері жатады.

2 2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

13 13. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

1 1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

2 2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

14 14. Бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау қажет.

15 15. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

1 1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

2 2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барумен алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері.

16 16. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде реттеуші мемлекеттік органдар талдауға және бағалауға жататын субъективті өлшемшарттар бойынша деректерді қалыптастырады.

Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуді және профилактикалық бақылауды шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

17

17. Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.

18

18. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және осы Өлшемшарттардың 3-тарауында айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептеледі.

3 3-параграф. Тәуекелдерді басқару

19 19. Бақылау субъектілері (объектілері) ақпараттық жүйені қолдана отырып, бақылау субъектілері қызметінің тиісті салаларындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне мынадай жағдайларда:

1 1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасcа;

2 2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан немесе талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізуден босату жағдайлары айқындалған болса;

3 3) егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса ауыстырылады.

20 20. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылаудан босату мақсатында жеңілдететін индикаторлар ескеріледі.

Жеңілдететін индикаторға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес берілетін бақылау субъектісінде жұмыс берушінің қызметі Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келетінін растайтын сенім сертификатының болуы жатады.

4 4-параграф. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ерекшелік пен құпиялылық ескеріле отырып, ақпараттық жүйелерді пайдаланатын тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері

21

21. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең төмен шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.

3 3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі

22 22. Осы Өлшемшарттардың 3-тармағына сәйкес бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган осы Өлшемшарттардың 15-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және деректер базасын қалыптастырады.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша осы Өлшемшарттардың (SC) 18-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Rарал = SP + SC , мұнда
Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC – осы Өлшемшарттардың18-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есептеу мемлекеттік бақылау әрбір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылау бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

23 23. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

Осы Өлшемшарттардың 15-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты талаптарға сәйкестігіне тексеру немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.
Аталған көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.
Аталған көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн, мұнда
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

24 24. Осы Өлшемшарттардың 18-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

хi – субъективті өлшемшарт көрсеткіші,
wi – субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы xi
n – көрсеткіштер саны.
Осы Өлшемшарттардың 18-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеуге қосылады.

25 25. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:

R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),
Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),
Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),
Rарал – осы Өлшемшарттардың 22-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

1 Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі

Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасын сақтаудағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының
сақталуына қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі
Р/с

Ең­бек заң­на­ма­сын сақ­та­уда­ғы тәу­е­кел­дер өл­шем­шар­тта­ры
Бұ­зу­шы­лық дә­ре­же­сі
1
Ауыр неме­се адам өлі­мі­мен аяқ­тал­ған ең­бек қыз­ме­тіне бай­ла­ны­сты жа­за­тай­ым оқи­ға­ның бо­луы
Өрес­кел
2
За­рдап шек­кен адам­дар­дың өн­ді­рі­стік жа­ра­қат­та­ры­ның ауыр­лық дә­ре­же­сіне қа­ра­ма­стан, бір мез­гіл­де екі және одан да көп жұ­мыс­кер­лер ұшы­ра­ған ең­бек қыз­ме­тіне бай­ла­ны­сты топ­тық жа­за­тай­ым оқи­ға­ның бо­луы
Өрес­кел
3
Ауыр және адам өлі­мі­мен аяқ­тал­ған ең­бек қыз­ме­тіне бай­ла­ны­сты жа­за­тай­ым оқи­ға­лар­ды тер­геп-тек­се­ру­ді жүр­гі­зу со­ны­мен қа­тар, за­рдап шек­кен адам­дар­дың өн­ді­рі­стік жа­ра­қат­та­ры­ның ауыр­лық дә­ре­же­сіне қа­ра­ма­стан, бір мез­гіл­де екі және одан да көп жұ­мыс­кер­лер ұшы­ра­ған топ­тық жа­за­тай­ым оқи­ға­лар
Өрес­кел
4
Ең­бек жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган бел­гі­ле­ген ны­сан бой­ын­ша ең­бек қыз­ме­тіне бай­ла­ны­сты жа­за­тай­ым оқи­ға ту­ра­лы ең­бек ин­спек­ци­я­сы жө­нін­де­гі жер­гі­лік­ті ор­ган­ға ха­бар­лау
Өрес­кел
5
Жұ­мыс­кер­лер­ге жыл сай­ын­ғы ақы тө­ле­не­тін негіз­гі ең­бек де­ма­лы­сын: жыл сай­ын­ғы ақы тө­ле­не­тін қо­сым­ша ең­бек де­ма­лы­сын; оқу де­ма­лы­сын; жүк­ті­лік­ке және ба­ла­ның (ба­ла­лар­дың) ту­уы­на, жа­ңа ту­ған ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) асы­рап алу­ға бай­ла­ны­сты де­ма­лыс; ба­ла үш жас­қа толған­ға дей­ін оның кү­ті­міне бай­ла­ны­сты жа­ла­қы сақ­тал­май­тын де­ма­лыс бе­ру
Өрес­кел
6
Жұ­мыс­кер­дің же­ке­ле­ген са­нат­та­ры үшін жұ­мыс уа­қы­ты­ның қа­лып­ты ұз­ақ­тығ­ын, жұ­мыс уа­қы­ты­ның қы­сқар­ты­л­ған ұз­ақ­тығ­ын сақ­тау
Өрес­кел
7
Жұ­мыс­кер­лер­ге де­ма­лу және та­мақ­та­ну үшін үзі­ліс бе­ру
Өрес­кел
8
Ауы­сы­мі­ші­лік және ар­найы үзі­лі­стер бе­ру
Өрес­кел
9
Жа­ла­қы­ны және өзге де тө­лем­дер­ді то­лық әрі уақ­ты­лы тө­ле­уді қам­та­ма­сыз ету, оның ішін­де жұ­мыс­кер­дің өмі­рі мен ден­са­улы­ғы­на кел­ті­рі­л­ген зи­ян­ды өтеу
Өрес­кел
10
Жұ­мыс­кер­лер­ді же­ке және ұжым­дық қор­ға­ну құ­рал­да­ры­мен, ар­найы ки­ім­мен қам­та­ма­сыз ету
Өрес­кел
11
Ең­бек­ке уа­қыт­ша жа­рам­сыздық па­ра­ғы­ның сон­дай-ақ, ең­бек­ке уа­қыт­ша жа­рам­сыздық па­ра­ғын тө­ле­уді рас­тай­тын құ­жат­тың бо­луы
Еле­улі
12
Жыл сай­ын­ғы тө­ле­не­тін ең­бек де­ма­лы­сы­ның (жыл сай­ын­ғы ең­бек де­ма­лы­сы) пай­да­ла­ныл­ма­ған күн­де­рі үшін өте­ма­қы тө­лем­де­рі
Еле­улі
13
Өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер­ді және қо­сал­қы бө­лім­ше­лер­ді жұ­мыс бе­ру­ші­нің ат­те­стат­та­удан өт­кіз­ге­нін рас­тай­тын ат­те­стат­тау нәти­же­сі ту­ра­лы есеп­тің бо­луы
Еле­улі
14
Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі және ең­бек­ті қор­ғау бой­ын­ша қыз­мет­тің неме­се ма­ман­ның бо­луы
Өрес­кел
15
Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі жағ­дай­ла­рын жа­сау, сон­дай-ақ жұ­мыс­кер­лер­ді ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі мен ең­бек­ті қор­ғау та­лап­та­ры­на сәй­кес жаб­дық­тал­ған жұ­мыс ор­ны­мен, жаб­дық­тар­мен, құ­рал­дар­мен, тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­мен және ең­бек мін­дет­те­рін орын­да­у­ға қа­жет­ті құ­рал­дар­мен қам­та­ма­сыз ету
Еле­улі
16
Жұ­мыс орын­да­рын­да жұ­мыс­кер­лер­дің қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету үшін ти­іс­ті тех­ни­ка­лық пас­пор­ты (сер­ти­фи­ка­ты), ес­кер­ту бел­гі­ле­рі мен қор­ша­у­ла­ры неме­се қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­ры бар жаб­дық­тың осы тү­рі үшін бел­гі­лен­ген қа­уіп­сіз­дік нор­ма­ла­ры­на сәй­кес ке­ле­тін жұ­мыс жабды­ғы­ның бо­луы
Өрес­кел
17
Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі және ең­бек­ті қор­ғау мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша оқы­ту­ды, нұс­қа­улық бе­ру­ді және бі­лім­де­рін тек­се­ру­ді жүр­гізу­ге ар­нал­ған құ­жат­та­ма­ның бо­луы
Еле­улі
18
Жұ­мыс­кер ең­бек (қыз­мет­тік) мін­дет­те­рін ат­қар­ған кез­де оны жа­за­тай­ым оқи­ға­лар­дан мін­дет­ті әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру, жұ­мыс­кер­лер­ді мін­дет­ті әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру шар­тта­ры­ның бо­луы.
Жұ­мыс бе­ру­ші қыз­мет­ті пер­со­нал бе­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ге ар­нал­ған шарт шең­бе­рін­де жі­бе­ру­ші та­рап ре­т­ін­де жү­зе­ге асыр­ған жағ­дай­да, ол өзі жа­са­са­тын пер­со­нал бе­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ге ар­нал­ған шар­ттар­ға сәй­кес кә­сіп­тік тәу­е­кел сы­ны­бы қа­был­да­у­шы та­рап­тың кә­сіп­тік тәу­е­кел сы­ны­бы­нан неме­се қа­был­да­у­шы та­рап­тың ең жо­ға­ры кә­сіп­тік тәу­е­кел сы­ны­бы­нан тө­мен емес эко­но­ми­ка­лық қыз­мет тү­ріне жат­қы­зы­лу­ға ти­іс.
Еле­улі
19
Жұ­мыс бе­ру­ші­нің оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сын­да көз­дел­ген, жұ­мыс бе­ру­ші­нің кінә­сі­нен алын­ған ең­бек жа­ра­қа­ты­нан, кә­сіп­тік ау­ру­дан мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ды жұ­мыспен қам­ту және кә­сіп­тік оңал­ту са­ла­сын­да­ғы мін­дет­тер­ді сақ­та­уы
Еле­улі
20
Жұ­мыс­кер­ден жа­з­ба­ша түр­де тү­сін­ді­ру­ді, жұ­мыс­кер­ді жұ­мыс бе­ру­ші­нің қол қою ар­қы­лы тәр­тіп­тік жа­за қол­да­ну ту­ра­лы ак­ті­сі­мен та­ны­сты­ру­ды та­лап ету­ді көз­дей­тін тәр­тіп­тік жа­за­лар­ды қол­да­ну тәр­ті­бін сақ­тау
Еле­улі
21
Ұжым­дық шар­ттың, әле­умет­тік әріп­те­стік ке­лі­сім­дер­дің та­лап­та­рын орын­дау
Еле­улі
22
Жұ­мыс­кер­лер­ге қа­ты­сты ең­бек шар­ты­ның бо­луы
Өрес­кел
23
Ба­ла­лар­дың ең­бе­гін пай­да­ла­ну­ға қой­ы­л­ған тый­ым­ды сақ­тау
Еле­улі
24
Ең­бе­ка­қы тө­леу және ең­бек жағ­дай­ла­ры бө­лі­гін­де, оның ішін­де пер­со­нал бе­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер көр­се­ту­ге ар­нал­ған шарт жа­са­су ке­зін­де жі­бе­ру­ші та­рап­тың қыз­мет­кер­ле­ріне қа­ты­сты ең­бек са­ла­сын­да­ғы кем­сі­ту­ші­лік
Өрес­кел
25
Же­ке ең­бек да­у­ла­рын қа­рау жө­нін­де­гі ке­лі­су ко­мис­си­я­сын құ­ру ту­ра­лы жұ­мыс бе­ру­ші­нің ак­ті­сі­нің бо­луы, сон­дай-ақ ке­лі­су ко­мис­си­я­сы­ның же­ке ең­бек да­уын бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­де қа­ра­уы
Еле­улі
26
Ай­лық жа­ла­қы­ның ең тө­мен­гі мөл­ше­рін жү­зе­ге асы­ру бой­ын­ша ке­піл­дік­тер­ді сақ­тау
Еле­улі
27
Ерекше жұ­мыс ре­жи­мі мен ең­бек жағ­дай­ла­ры­на, жұ­мысы­нан ай­ы­ры­луы­на, жұ­мыс­кер­дің ең­бек, мем­ле­кет­тік неме­се қо­ғам­дық мін­дет­те­рін ат­қа­руы­на бай­ла­ны­сты шы­ғын­дар­ды өте­уіне бай­ла­ны­сты өте­ма­қы тө­лем­де­рін жү­зе­ге асы­ру
Еле­улі
28
Жұ­мыс­кер­лер­ді неме­се ең­бек қа­ты­на­ста­рын­да тұр­май­тын өзге де адам­дар­ды кә­сіп­тік да­яр­ла­у­ға, қай­та да­яр­ла­у­ға және олар­дың бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­ға бай­ла­ны­сты өте­ма­қы тө­лем­де­рін жү­зе­ге асы­ру
Еле­улі
29
Жұ­мыс­кер­дің ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат­тар­ды бе­ру (ең­бек кі­тап­ша­сы, ең­бек шар­ты, Жұ­мыс бе­ру­ші­нің ак­ті­ле­рі­нен үзін­ді кө­шір­ме­лер, жұ­мыс­кер­лер­ге жа­ла­қы бе­ру ве­до­мо­сі­нен үзін­ді кө­шір­ме­лер, қыз­мет­тік ті­зім, ду­аль­ды оқы­ту ту­ра­лы шарт)
Бол­ма­шы
30
Ма­ман­дық (бі­лік­ті­лік, ла­у­а­зым), жұ­мыс уа­қы­ты және жа­ла­қы мөл­ше­рі көр­се­ті­л­ген анық­та­ма жү­гін­ген сәт­тен ба­стап бес жұ­мыс кү­ні ішін­де қыз­мет­кер­дің (оның ішін­де бұ­рын­ғы қыз­мет­кер­дің) та­ла­бы бой­ын­ша қыз­мет­кер­дің бі­лік­ті­лі­гі және оның жұ­мысқа қа­ты­на­сы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді қам­ти­тын мі­нез­де­ме-ұсы­ным бе­ру
Бол­ма­шы
31
Жұ­мыс бе­ру­ші-заң­ды тұл­ға та­ра­ты­л­ған, банк­рот­тық­қа ұшы­ра­ған, жұ­мыс бе­ру­ші-же­ке тұл­ға қыз­ме­ті тоқ­та­ты­л­ған кез­де қыз­мет­кер ал­дын­да бе­ре­шек болған кез­де ти­іс­ті түр­де ре­сім­дел­ген жа­ла­қы және өзге де тө­лем­дер бой­ын­ша пай­да болған бе­ре­шек­тің мөл­ше­рі ту­ра­лы анық­та­ма бе­ру
Бол­ма­шы
32
Мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар, про­ба­ция қыз­ме­ті­нің есе­бін­де тұр­ған адам­дар, сон­дай-ақ бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру орын­да­ры­нан боса­ты­л­ған адам­дар және кәме­лет­ке толған­ға дей­ін ата-ана­сы­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған, бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның тү­лек­те­рі бо­лып та­бы­ла­тын жастар қа­та­рын­да­ғы аза­мат­тар үшін бел­гі­лен­ген жұ­мыс орын­да­ры­ның кво­та­сын орын­дау
Бол­ма­шы
33
Жұ­мыс бе­ру­ші-же­ке тұл­ға қыз­ме­ті­нің тоқ­та­ты­луы­на не жұ­мыс бе­ру­ші-заң­ды тұл­ға­ның та­ра­ты­луы­на, са­ны­ның неме­се шта­ты­ның қы­сқа­руы­на, жұ­мыс бе­ру­ші­нің эко­но­ми­ка­лық жай-күй­і­нің на­шар­ла­у­ы­на әкеп соқ­қан өн­ді­рі­стер мен орын­да­ла­тын жұ­мыстар мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер кө­ле­мі­нің тө­мен­де­уіне бай­ла­ны­сты қыз­мет­кер­лер­дің ал­да­ғы боса­ты­луы ту­ра­лы ха­лық­ты жұ­мыспен қам­ту ор­та­лы­ғы­на ақ­па­рат ұсы­ну
Бол­ма­шы
34
Жұ­мыспен қам­ту ор­та­лы­ғы­на ең­бек жағ­дай­ла­ры мен ақы тө­ле­уді көр­се­те оты­рып, олар пай­да болған күн­нен ба­стап бес жұ­мыс кү­ні ішін­де бос жұ­мыс орын­да­ры­ның бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді жол­дау
Бол­ма­шы
35
Ха­лық­ты жұ­мыспен қам­ту ор­та­лы­ғы­на жұ­мысқа қа­был­дау неме­се жұ­мысқа қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы уақ­ты­лы ха­бар­лау
Бол­ма­шы
36
Жұ­мыс бе­ру­ші­нің ше­тел­дік жұ­мыс кү­шін жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның рұқ­са­тын­сыз тар­туы неме­се ха­лық­тың кө­ші-қо­ны мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган бер­ген өз бе­тін­ше жұ­мысқа ор­на­ла­су үшін бі­лік­ті­лік сәй­кест­і­гі ту­ра­лы анық­та­ма­ла­ры неме­се ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­ге іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры бе­ре­тін рұқ­сат­та­ры жоқ ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­дың ең­бе­гін пай­да­ла­нуы, со­ны­мен қа­тар жұ­мыс бе­ру­шiнiң ше­тел­дiк жұ­мыс­кер­дi жер­гiлiк­тi ат­қа­ру­шы ор­ган­ның ше­тел­дiк жұ­мыс кү­шiн тар­ту­ға рұқ­са­тын­да көр­сетiл­ген ла­у­а­зым­ға (кәс­iп­ке неме­се ма­ман­дық­қа) сәй­кес кел­мей­тiн ла­у­а­зым­ға (кәс­iп­ке неме­се ма­ман­дық­қа) тар­туы.
Жұ­мыс бе­ру­ші рұқ­сат­тар бой­ын­ша тар­та­тын ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші­нің са­ны ең­бек қыз­ме­тін пер­со­нал бе­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ге ар­нал­ған шарт шең­бе­рін­де жү­зе­ге асы­ра­тын жі­бе­ру­ші та­рап­тың жұ­мыс­кер­ле­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, ха­лық­ты жұ­мыспен қам­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган ай­қын­дай­тын қа­зақ­стан­дық кадр­лар са­ны­ның пай­ы­здық ара­қа­ты­на­сы­на сәй­кес ке­лу­ге ти­іс.
Өрес­кел
37
Жұ­мыс бе­ру­ші жұ­мысқа қа­был­дау, жұ­мыстан боса­ту, ауы­сты­ру, тө­леу, шек­те­ту, жүр­гі­зі­л­ген ұста­лым­дар, де­ма­лы­стар бе­ру, қо­сым­ша тө­лем­де­рін бел­гі­леу және ке­піл­дік­тер бө­лі­гін­де ти­іс­ті түр­де қа­был­да­ған ак­ті­лер­дің сәй­кес ке­луі
Бол­ма­шы
38
Жұ­мыс бе­ру­ші­нің қыз­мет­кер­мен ең­бек шар­тын жа­са­су және тоқ­та­ту, қыз­мет­кер мен жұ­мыс бе­ру­ші­нің де­ректе­ме­ле­рі бө­лі­гін­де мә­лі­мет­тер­ді қам­ти­тын оған ен­гі­зі­ле­тін өзге­рі­стер мен (неме­се) то­лық­ты­ру­лар ту­ра­лы ақ­па­рат­ты, бел­гі­лі бір ма­ман­дық, кә­сіп, бі­лік­ті­лік неме­се ла­у­а­зым бой­ын­ша жұ­мысты (ең­бек функ­ци­я­сын), жұ­мыстың орын­да­ла­тын ор­нын, ең­бек шар­ты­ның мер­зі­мін, жұ­мыстың ба­ста­лу кү­нін, ең­бек шар­ты­ның жа­сал­ған кү­ні мен рет­тік нө­мі­рін ең­бек шар­тта­рын есеп­ке алу­дың бі­рың­ғай жүй­е­сіне ен­гі­зу
Еле­улі
39
Өн­ді­рі­стік кә­сі­по­рын­дар­да ең­бек­ті қор­ғауды бас­қа­ру жүй­е­сін ен­гі­зу және оның жұ­мыс іс­те­уіне ба­қы­лау жүр­гі­зу
Өрес­кел
40
Мәж­бүр­лі ең­бек­ті пай­да­ла­ну­ға тый­ым­ды сақ­тау
Өрес­кел
41
Өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер­ді ең­бек жағ­дай­ла­ры­на бай­ла­ны­сты ат­те­стат­тау бой­ын­ша есеп­тер­ден мы­на­дай көр­сет­кіш­тер­ге сәй­кес­сіз­дік­ті анық­тау:
1) өн­ді­рі­стік ор­та фак­тор­ла­ры­ның зи­янды­ғы мен қа­уіп­ті­лі­гі; 2) же­ке қор­ға­ныс құ­рал­да­рын бе­ру нор­ма­сы­на сәй­кес қам­та­ма­сыз ету;
3) жа­ра­қат­та­ну қа­уіп­сіз­ді­гі;
4) ең­бек про­це­сі­нің ауыр­лы­ғы;
5) ең­бек про­це­сі­нің ши­е­ле­ні­сі;
Өрес­кел

2 Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасын сақтаудағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына
тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті
өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға
арналған субъективті өлшемшарттар
тізбесі
Р/с №
Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шар­ттар көр­сет­кі­ші
Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шарт көр­сет­кі­ші бой­ын­ша ақ­па­рат кө­зі
Ма­ңы­зды­лы­ғы бой­ын­ша үлес сал­ма­ғы, балл (бар­лы­ғы 100 бал­л­ға дей­ін бо­лу­ға ти­іс), wi
Шар­ттар / мән­дер, xi
1-шар­ты / мәні
2-шар­ты / мәні
1
2
3
4
5
6
Ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау үшін
1.
Жұ­мыс­кер ең­бек (қыз­мет­тік) мін­дет­те­рін ат­қар­ған кез­де оны жа­за­тай­ым оқи­ға­лар­дан мін­дет­ті әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру, жұ­мыс­кер­лер­ді мін­дет­ті әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру шар­тта­ры­ның бо­луы.
Жұ­мыс бе­ру­ші қыз­мет­ті пер­со­нал бе­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ге ар­нал­ған шарт шең­бе­рін­де жі­бе­ру­ші та­рап ре­т­ін­де жү­зе­ге асыр­ған жағ­дай­да, ол өзі жа­са­са­тын пер­со­нал бе­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ге ар­нал­ған шар­ттар­ға сәй­кес кә­сіп­тік тәу­е­кел сы­ны­бы қа­был­да­у­шы та­рап­тың кә­сіп­тік тәу­е­кел сы­ны­бы­нан неме­се қа­был­да­у­шы та­рап­тың ең жо­ға­ры кә­сіп­тік тәу­е­кел сы­ны­бы­нан тө­мен емес эко­но­ми­ка­лық қыз­мет тү­ріне жат­қы­зы­лу­ға ти­іс.
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
50
Бо­луы
Бол­мауы
0%
100%
2.
Жұ­мыс бе­ру­ші­нің қыз­мет­кер­мен ең­бек шар­тын жа­са­су және тоқ­та­ту, қыз­мет­кер мен жұ­мыс бе­ру­ші­нің де­ректе­ме­ле­рі бө­лі­гін­де мә­лі­мет­тер­ді қам­ти­тын оған ен­гі­зі­ле­тін өзге­рі­стер мен (неме­се) то­лық­ты­ру­лар ту­ра­лы ақ­па­рат­ты, бел­гі­лі бір ма­ман­дық, кә­сіп, бі­лік­ті­лік неме­се ла­у­а­зым бой­ын­ша жұ­мысты (ең­бек функ­ци­я­сын), жұ­мыстың орын­да­ла­тын ор­нын, ең­бек шар­ты­ның мер­зі­мін, жұ­мыстың ба­ста­лу кү­нін, ең­бек шар­ты­ның жа­сал­ған кү­ні мен рет­тік нө­мі­рін ең­бек шар­тта­рын есеп­ке алу­дың бі­рың­ғай жүй­е­сіне ен­гі­зу
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
50
Бо­луы
Бол­мауы
0%
100%
Шаблонды толтыру бойынша нұсқаулық:
1) субъективті өлшемшарттардың көрсеткіштері мемлекеттік бақылаудың әрбір саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін айқындалады.
2) 2-бағанда субъективті өлшемшарт көрсеткіші көрсетіледі.
3) 3-бағанда ақпараттың басым көздері көрсетіледі.
4) 4-бағанда балдардағы субъективті өлшемшарт көрсеткішінің маңыздылығы бойынша үлес салмағы көрсетіледі. Осы баған бойынша барлық жолдардың қосындысы 100 баллға дейін болуға тиіс.
5) 5-бағанда субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеуде субъективті өлшемшарт көрсеткішін есепке алу шарттары және әрбір шартқа сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің сандық мәндері көрсетіледі. Сандық мәндер тәуекелдің жоғарылауына байланысты 0-ден 100-ге дейінгі пайызбен көрсетіледі. Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің жол берілетін мәндері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен регламенттелуге тиіс.

Қолданыстағы