«О внесении дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 112 «Об утверждении Правил организации государственной регистрации актов гражданского состояния, внесения изменений, восстановления, аннулирования записей актов гражданского состояния»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «О внесении дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 112 «Об утверждении Правил организации государственной регистрации актов гражданского состояния, внесения изменений, восстановления, аннулирования записей актов гражданского состояния»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 103
- Қабылданған күні
- 19.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2020 140541_451515.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020151
- ЭКБ идентификаторы
- 140541
- Редакция идентификаторы
- 140541_451515
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:32
0 «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 180-6абы 2-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10764 болып тіркелді, 2015 жылғы 20 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай толықтыру енгізілсін:
«138-1. Неке (ерлі-зайыптылықты) қию, ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде неке (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы алғашқы рет берілетін куәлік, баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әкелік (аналық) анықталғаннан кейін берілетін алғашқы немесе қайталама туу туралы куәлікті қоспағанда, куәліктер мемлекеттік қызметті алушының өтінішінде көрсетілген тұрғылықты жеріне пошта байланысы арқылы жолданады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі