О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 114 «Об утверждении перечня документов, подтверждающих права лиц на получение гарантированной государством юридической помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 114 «Об утверждении перечня документов, подтверждающих права лиц на получение гарантированной государством юридической помощи»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 109
- Қабылданған күні
- 10.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 10.02.2021 152799_509265.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022187
- ЭКБ идентификаторы
- 152799
- Редакция идентификаторы
- 152799_509265
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:35
0 «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың
құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10420 тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес»;
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Соттардың қарап жатқан даулары кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары үшін - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары беретін Ұлы Отан соғысы қатысушысының куәлігі;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары немесе мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін - зейнеткер куәлігі;
3) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін - уәкілетті орган берген әскери билет;
4) I және II топтардағы мүгедектер үшін - мүгедектігі туралы анықтама;
5) жасы бойынша зейнеткерлер үшін - зейнеткер куәлігі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған және тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстанға келген және «Халықтың көш-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңның 8-бабының 5) тармақшасында көзделген тәртіпте өңірлерге қоныстандырылған этникалық қазақтың жеке басын анықтайтын құжат.».