Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 114 «Об утверждении перечня документов, подтверждающих права лиц на получение гарантированной государством юридической помощи»

Бұйрық · № 809 · қабылданған 26.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2015-no-114-ekb-201151/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 114 «Об утверждении перечня документов, подтверждающих права лиц на получение гарантированной государством юридической помощи» Қолданыста Бұйрық ·№ 809 ·26.09.2024
26.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 114 «Об утверждении перечня документов, подтверждающих права лиц на получение гарантированной государством юридической помощи»

Қолданыста Бұйрық ·№ 809 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 114 «Об утверждении перечня документов, подтверждающих права лиц на получение гарантированной государством юридической помощи»
Атауы (қаз.)
«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
809
Қабылданған күні
26.09.2024
Көрсетілген редакция
26.09.2024 201151_722435.kaz
Соңғы өзгеріс
26.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035156
ЭКБ идентификаторы
201151
Редакция идентификаторы
201151_722435
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:29

0 «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың

құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10420 болып тіркелді) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқығын растайтын құжаттардың тізбесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға – мүліктік немесе моральдық зиян келтіру фактісін растайтын процестік актінің көшірмесі.»;
мынадай редакциядағы 2-1 - тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша адам саудасы құрбандарына – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №190 бірлескен бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлеріне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33002 болып тіркелген) адам саудасының құрбаны болып сәйкестендірілген бағалау парағының көшірмесі не мүліктік немесе моральдық зиян келтіру фактісін растайтын процестік актінің көшірмесі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

Қолданыстағы