Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Жамбылской области от 25 июня 2015 года № 131 «Об утверждении перечня объектов государственного природно-заповедного фонда местного значения»

Қаулы · № 254 · қабылданған 25.08.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2015-no-131/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Жамбылской области от 25 июня 2015 года № 131 «Об утверждении перечня объектов государственного природно-заповедного фонда местного значения» Қолданыста Қаулы ·№ 254 ·25.08.2016
25.08.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Жамбылской области от 25 июня 2015 года № 131 «Об утверждении перечня объектов государственного природно-заповедного фонда местного значения»

Қолданыста Қаулы ·№ 254 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Жамбылской области от 25 июня 2015 года № 131 «Об утверждении перечня объектов государственного природно-заповедного фонда местного значения»
Атауы (қаз.)
«Жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
254
Қабылданған күні
25.08.2016
Қолданысқа енгізілген күні
21.10.2016
Көрсетілген редакция
25.08.2016 106619_114080.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16G0003168
ЭКБ идентификаторы
106619
Редакция идентификаторы
106619_114080
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:57

0 «Жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк

табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң
тiзбесiн бекіту туралы» Жамбыл облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 131
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2717 болып тіркелген, 2015 жылдың 27 тамызында «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
Орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитетінің төрағасының міндетін атқарушы
Қ. Үстеміров
«___» «________________» 2016 жыл

9 Жамбыл облысы әкімдігінің

2016 жылғы 25 тамыз
№ 254 қаулысына қосымша
Жергілікті маңызы бар мемлекеттік
табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі
р/н
Табиғи-қорық қоры объектілерінің атауы
Аумағы,
гектар
Орналасқан жері
Кімнің қарауына жатады
1.
«Үмбет»
жергілікті маңызы
бар мемлекеттік табиғи қаумал
298 400
Т. Рысқұлов, Байзақ және Меркі аудандары
«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2.
«Меркі» жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумал
68 910
Т. Рысқұлов
және Меркі аудандары

Қолданыстағы