О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 25 июня 2015 года № 132 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере специального образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 25 июня 2015 года № 132 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере специального образования»
- Атауы (қаз.)
- «Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 132 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 263
- Қабылданған күні
- 19.12.2018
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2020 127470_477971.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18G0004042
- ЭКБ идентификаторы
- 127470
- Редакция идентификаторы
- 127470_477971
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:00
0 «Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы
25 маусымдағы № 132 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 132 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2713 болып тіркелген, 2015 жылдың 8 тамызында «Ақ жол» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі стандартқа 1-қосымшаға сәйкес берілген нысан бойынша анықтама болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
1) құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда);
2 ) үйде жеке тегін оқыту туралы бұйрық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.».