О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 25 июня 2015 года № 133 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере семьи и детей»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 25 июня 2015 года № 133 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере семьи и детей»
- Атауы (қаз.)
- «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 133 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 92
- Қабылданған күні
- 15.05.2017
- Қолданысқа енгізілген күні
- 02.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2020 112753_477979.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17G0003442
- ЭКБ идентификаторы
- 112753
- Редакция идентификаторы
- 112753_477979
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:07
0 «Отбасы және балалар саласында
көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
регламенттерін бекіту туралы»
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы
25 маусымдағы №133 қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы №133 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2711 тіркелген, 2015 жылдың 8 тамызында «Ақ жол» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен стандарттың 9 тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттары (бұдан әрі – құжаттар) табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.»;
9 тармақтың бесінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады. Бұл ретте Мемлекеттік корпорацияның қызметкері стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;
осы қаулымен бекітілген «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4 тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.»;
осы қаулымен бекітілген «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4 тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.»;