О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 25 июня 2015 года № 133 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере семьи и детей»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 25 июня 2015 года № 133 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере семьи и детей»
- Атауы (қаз.)
- «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 268
- Қабылданған күні
- 22.11.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 10.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2020 136414_477981.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19G0004420
- ЭКБ идентификаторы
- 136414
- Редакция идентификаторы
- 136414_477981
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:44
0 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы
25 маусымдағы № 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 133 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2711 болып тіркелген, 2015 жылдың 8 тамызында «Ақ Жол» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
көрсетілген қаулының 3-қосымшасымен бекітілген «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 26 мамырында № 11184 болып тіркелген) «Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерінің білім бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.»;
көрсетілген қаулының 5-қосымшасымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 26 мамырында № 11184 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен, аудандар мен Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімдерімен және білім ұйымдарымен (бұдан әрі-мемлекеттік қызметті көрсетуші) көрсетіледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасының оң жақтағы жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Портал арқылы «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметін көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекеттестігінің диаграммасы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2-қосымшасының оң жақтағы жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2-қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы».