Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 25 июня 2015 года № 134 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере технического и профессионального образования»

Қаулы · № 109 · қабылданған 31.03.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2015-no-134-ekb-101789/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 25 июня 2015 года № 134 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере технического и профессионального образования» Күшін жойған Қаулы ·№ 109 ·31.03.2016
20.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 25 июня 2015 года № 134 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере технического и профессионального образования»

Күшін жойған Қаулы ·№ 109 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 25 июня 2015 года № 134 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых в сфере технического и профессионального образования»
Атауы (қаз.)
«Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 134 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
109
Қабылданған күні
31.03.2016
Қолданысқа енгізілген күні
22.05.2016
Көрсетілген редакция
20.08.2020 101789_477967.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16G0003043
ЭКБ идентификаторы
101789
Редакция идентификаторы
101789_477967
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:51

0 «Техникалық және кәсіптік білім беру

саласында көрсетілетін мемлекеттік
қызметтер регламенттерін бекіту
туралы» Жамбыл облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы
№ 134 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 134 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2702 тіркелген, 2015 жылдың 4 тамызында «Ақ Жол» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Жамбыл облысы әкімдігінің

2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 109 қаулысына қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 маусымдағы
№ 134 қаулысымен бекітілген
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 28 мамырында № 11220 тіркелген) «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Жамбыл облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқасы.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) ұсынуы болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттарды қабылдау, тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау – 15 (он бес) минут;

2 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарау және оларды орындауға жолдау – 1 (бір) күнтізбелік күн;

3 3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарынның ұсынылған талаптарға сәйкес келуін қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындау – 17 (он жеті) күнтізбелік күн;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасарының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы – 1 (бір) күнтізбелік күн;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы – 1 (бір) күнтізбелік күн;

6 6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру – 15 (он бес) минут.

6 6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1 1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш, қолхат;

2 2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;

3 3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасы;

4 4) қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі;

5 5) қол қойылған, мөр басылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің мұрағатшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар түскен сәттен бастап құжаттардың стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігіне талдау жүргізіп, тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына енгізеді – 15 (он бес) минут;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің

мұрағатшысына орындауға жолдайды – 1 (бір) күнтізбелік күн;

3

3) көрсетілетін қызметті берушінің мұрағатшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының ұсынылған талаптарға сәйкес келуін қарап және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындап, оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасарына жолдайды – 17 (он жеті) күнтізбелік күн;

4 4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті беруші басшысына қол қою үшін жолдайды – 1 (бір) күнтізбелік күн;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойып, мөрмен куәландырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды – 1 (бір) күнтізбелік күн;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға ұсынады немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдайды – 15 (он бес) минут.

4 4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9 9. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеудің ұзақтығы:

Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызмет алушымен ұсынылған құжаттардың стандартқа сәйкестігін қарайды – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру – 15 (он бес) минут.

11 11. Жүгіну тәртібін және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігін

сипаттау:
стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз нысанда көрсетілуіне байланысты мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық
жүйелер пайдаланылмайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен, Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

47 Шартты белгілер:

«Техникалық және кәсіптік
білім туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне -қосымша
Мемлекеттік корпорация және көрсетілетін қызметті беруші арқылы «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:

Қолданыстағы