Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 143 «Об утверждении Правил пользования электрической энергией»

Бұйрық · № 329 · қабылданған 30.04.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2015-no-143-ekb-88175/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 143 «Об утверждении Правил пользования электрической энергией» Қолданыста Бұйрық ·№ 329 ·30.04.2015
30.04.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 143 «Об утверждении Правил пользования электрической энергией»

Қолданыста Бұйрық ·№ 329 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 143 «Об утверждении Правил пользования электрической энергией»
Атауы (қаз.)
«Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
329
Қабылданған күні
30.04.2015
Көрсетілген редакция
30.04.2015 88175_36023.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010977
ЭКБ идентификаторы
88175
Редакция идентификаторы
88175_36023
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:12

0 «Электр энергиясын пайдалану

қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының
Энергетика Министрінің 2015 жылғы
25 ақпандағы № 143 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10403 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 01 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларында:
10, 11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым электр желісіне рұқсатнама алу үшін көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда тұтынушылардың және жергілікті атқарушы органға әрқайсысына техникалық шарттар береді.
Электр беруші (энергия өндіруші) ұйым көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушылардың электр желілеріне рұқсатнама алу үшін техникалық шарттарды кондоминиумнің объектісін басқару органының өкіліне береді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы
31 наурыздағы № 159 бұйрығымен бекітілген Жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеудің және берудің, сондай-ақ жаңа объектілер салуға және қазіргі бар объектілерді(ғимараттар, құрылыстар, олардың кешендерін және коммуникацияларды) өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерден өтудің қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10633 тіркелен) көзделген жағдайларда техникалық шарттар сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) беріледі.
11. Тұтынушыға немесе жергілікті атқарушы органға электр желілеріне жалғану үшін техникалық шарттар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім негізінде беріледі.
12. Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым техникалық шарттарды тұтынушылардың немесе жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша келесі жағдайларда береді:
1) энергия беруші (энергия өндіруші) немесе энергия өндіруші ұйымның электр желілеріне жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосу;
2) тұтынылатын электр қондырғысының қуатты бұрын берілген техникалық шартта белгіленген қуаттан артық пайдалануы;
3) электрмен сырттай жабдықтау схемасының өзгеруі;
4) тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігі санатының өзгеруі;
13. Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан немесе жергілікті атқарушы органнан өтінім алғаннан кейін төмендегі мерзімде қайта енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді:
қуаты 200 килоВатт (бұдан әрі – кВт) дейінгі электр қондырғыларына 5 жұмыс күнінің ішінде;
қуаты 200 кВт – 1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына 10 жұмыс күнінің ішінде;
қуаты 1000 кВт жоғары электр қондырғыларына 15 жұмыс күнінің ішінде.
Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға немесе жергілікті атқарушы органға құрылыс кезінде уақытша техникалық шарттар беріледі.
Тұтынушының энергия беруші ұйымның электрлік желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға техникалық мүмкіндігі болған жағдайда, оған техникалық шарттар беріледі.
Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.»;

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 05 мамыр

Қолданыстағы