Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 152 «Об утверждении Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан»

Бұйрық · № 1052 · қабылданған 10.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2015-no-152-ekb-137014/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 152 «Об утверждении Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 1052 ·10.12.2019
10.12.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 152 «Об утверждении Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1052 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 152 «Об утверждении Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1052
Қабылданған күні
10.12.2019
Көрсетілген редакция
10.12.2019 137014_432592.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019725
ЭКБ идентификаторы
137014
Редакция идентификаторы
137014_432592
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:25

0 «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10620 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығында:
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«84. Жасақтауға және азаматтарды зерделеуге ЖӘБО бірге ішкі істер органдарының өкілдері қатысады.
Бұл жұмысты:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;
2) Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті;
3) ЖӘБО бекітілген ӨңҚ қолбасшылары және әскери бөлім командирлері;
4) аумақтық полиция органдары бастықтарының әкімшілік полиция басқармаларына және жергілікті полиция қызметіне жетекшілік ететін, шақыру комиссияларының мүшелері болып табылатын орынбасарлары ұйымдастырады.»;
87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«87. Облыстардың (қала) жинау пункттерінен әскери бөлімдерге жіберілетін әскерге шақырылушылардың санын жоспарлауды ҰҰ Бас штабы әрбір ЖӘБО-ға арналған нарядқа байланысты жүзеге асырады.»;
89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«89. Штаттық лауазымдардағы офицерлер ай сайын көктемгі шақыру кезеңінде ақпан-маусым аралығында, ал күзгі шақыру кезеңінде тамыз-желтоқсан аралығында ЖӘБО және аумақтық полиция органдарына іссапарға жіберіледі.
Штаттық лауазымдардағы офицерлерге көмектесу үшін ҰҰ Бас штабының өкімімен ӨңҚ және әскери бөлімдердің орналасу орны бойынша осы жұмысқа даярланған әскери қызметшілері бөлінеді.
Штаттық лауазымдардағы іссапарға жіберілген офицерлерге азаматтармен әңгімелесу жүргізу және құжаттарды зерделеу үшін үй-жайлар бөлінеді.»;
91, 92 және 93-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«91. Ұлттық ұланның зерделеу және іріктеу үшін жіберілген әскери қызметшілерімен бірге зерделеуді тиісті полиция департаменттері бастықтарының, ӨңҚ қолбасшыларының, әскери бөлім командирлерінің бірлескен бұйрықтарымен тағайындалатын ішкі істер органдарынан полиция қызметкерлері ЖӘБО және аумақтық полиция органдарына шыға отырып, жүзеге асырады.
Әскерге шақырылушыларды зерделеу процесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары 16-тармағының 9-1) тармақшасын басшылыққа алу қажет.
Жұмыстың нәтижесі бойынша осы Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес іріктеліп алынған әскерге шақырылушылардың алдын ала тізімі ресімделеді.
92. Ішкі істер органдарына осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық ұланға шақырылатын әскерге шақырылушыға анықтама жасау жүктеледі.;
93. Ұлттық ұлан үшін әскерге шақырылушылардың командаларын қалыптастыру және жөнелту кезеңінде облыстық (қалалық) жинау пункттерінде, сондай-ақ темір жол станцияларында әскери командаларды жөнелту, отырғызу, келу орындарында және әскерге шақырылушыларды және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген запасқа шығарылған қызмет әскери қызметшілерді тасымалдайтын жолаушылар поездарында полиция, оның ішінде көліктегі полиция желілік басқармалары (бөлімдері) қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігі ұйымдастырылады.»;
117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«117. Демалысты ұзарту қажет болса, әскери қызметші демалысын өткізу орны бойынша гарнизонның әскери комендантына немесе ЖӘБО бастығына келуі қажет.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 11-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы

(Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың

1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына алдын ала іріктелген әскерге шақырылушылардың тізімі

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы « » желтоқсандағы
№ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Ұлттық ұланында әскери қызмет
өткеру нұсқаулығына
11-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына алдын ала іріктелген әскерге шақырылушылардың
тізімі

Т.А.Ә.
(егер бар бол­са)
Аудан, об­лыс
Ша­қы­ру ке­зе­ңі
Ту­ған кү­ні
Бі­лі­мі
Ма­манды­ғы
кестенің жалғасы
Ұл­ты
Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Тұр­ғы­лық­ты ме­кен­жайы
От­ба­сы­лық жағ­дайы
От­ба­сы құ­ра­мы
Қай ко­ман­да­ға ар­нал­ған (ко­ман­да №)
Ес­керт­пе
Қорғаныс істері басқармасының (бөлімінің) бастығы __________________
Ішкі істер органының өкілі ________________________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өкілі _____________________

Қолданыстағы