Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 152 «Об утверждении Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан»

Бұйрық · № 27 · қабылданған 21.01.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2015-no-152-ekb-152481/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 152 «Об утверждении Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 27 ·21.01.2021
21.01.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 152 «Об утверждении Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 27 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 152 «Об утверждении Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
27
Қабылданған күні
21.01.2021
Көрсетілген редакция
21.01.2021 152481_506653.kaz
Соңғы өзгеріс
21.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022124
ЭКБ идентификаторы
152481
Редакция идентификаторы
152481_506653
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:46

0 «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10620 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығында:
21-тармақ алынып тасталсын.
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«77. Қызметтік қажеттілік жағдайында әскери қызметші «Ішкі істер органдарының әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалысынан шақыртып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 653 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21355 болып тіркелген) жыл сайынғы негізгі демалысынан шақыртылады.»;
121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«121. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген әскери қызметтің мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару Қазақстан Республикасы Президентінің Республика азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен жүргізіледі»;
125-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жалпы әскери жеке тамақтану рационы беріледі.»;
көрсетілген Нұсқаулыққа 8-қосымшада:
Ұсыныммен ресімделетін құжаттар тізбесінде:
16-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұсыным уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша «Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттың және ұсынымның үлгі нысандарын, сондай-ақ аттестаттау парағының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 36 қбпү бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16594 болып тіркелген) 7-қосымшаға сәйкес ресімделеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысына (Р.Ф. Жақсылықов) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы