О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 152 «Об утверждении Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 152 «Об утверждении Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 772
- Қабылданған күні
- 29.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2022 172334_596527.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029946
- ЭКБ идентификаторы
- 172334
- Редакция идентификаторы
- 172334_596527
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:44
0 «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10620 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығында:
47-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«47. Мынадай:
мүгедектік белгіленген зайыбы (жұбайы) бар;
мүгедектігі бар балалары (қамқоршысы болып табылатын), оның ішінде асырап алған балалары бар;
асырауында қартайған ата-аналары бар;
осы жылы келісімшарт мерзімі аяқталатын;
әскери қызметте болудың шекті жасына толуына 3 жыл қалған;
тең немесе жоғары лауазымға тағайындау мүмкін емес әскери қызметшілер басқа жерге көшумен байланысты ротациялауға жатпайды.»;
80-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«80. Уәкілетті органның бастамасы бойынша жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баласы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баласы) бар жалғызбасты аналармен, аталған санаттағы балаларды анасыз тәрбиелейтін өзге де адамдармен штаттарды қысқарту (ұйымдастыру-штаттық іс-шаралар) бойынша келісімшартты бұзуға жол берілмейді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.