О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 152 «Об утверждении Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 152 «Об утверждении Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 808
- Қабылданған күні
- 12.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 12.10.2022 172884_597751.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200030166
- ЭКБ идентификаторы
- 172884
- Редакция идентификаторы
- 172884_597751
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:29
0 «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10620 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығында:
8-қосымшада:
16-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«16. Әскери қызметшіні әскери қызмет көзделген басқа мемлекеттік органға жіберген кезде:
1) ұсыным;
2) мінездеме;
3) әскери қызметшінің баянаты;
4) қызметтік карточкадан үзінді;
5) аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
6) әскери қызмет көзделген уәкілетті органның бірінші басшысы қол қойған мемлекеттік мекеменің хабарламасы.
Толтыру бойынша түсіндірме:
мінездемені рота командирі және одан жоғарылар жазады, команда бойынша бөлім командирімен келісіледі (күні, мөр, қолы және тегі мен аты-жөні қойылады);
қызметтік карточкада көтермелеулер мен жазалардың саны көрсетіледі. Алынбаған жазасы толық көрсетіледі (қашан, кім және не үшін жазалады);
қызметтік тергеудің қорытындысы және материалдары – көшірмесі жіберіледі.
ұсыным уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша «Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттың және ұсынымның үлгі нысандарын, сондай-ақ аттестаттау парағының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 36 қбпү бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16594 болып тіркелген) 7-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.