О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 152 «Об утверждении Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 152 «Об утверждении Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 618
- Қабылданған күні
- 31.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2026 I229629_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039779
- ЭКБ идентификаторы
- 229629
- Редакция идентификаторы
- I229629_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 11.09.2026 03:32
0 «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10620 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығында:
26-тармаққа өзгерістер орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Әскери қызметшілерді ротациялау әскердің жауынгерлік әзірлігін арттыру үшін әскери қызмет өткеру шеңберінде, сондай-ақ қызметтік қажеттілік немесе әскери қызметшілердің кәсіби әлеуетін анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Қағидалардың 14-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Тікелей бастықтардың қолдауы және аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес екінші мерзімге әскери лауазымдарда болу уақытын ұзартады.»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Офицерлер, сержанттар мен сарбаздар құрамындағы әскери қызметшілерге, оның ішінде қайта аттестаттау тәртібімен әскери атақтар беру Әскери қызмет өткеру қағидаларының 15-тарауына сәйкес жүргізіледі.»;
64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«64. Әскери қызметшілерге жыл сайынғы негiзгi демалыс бүкiл күнтiзбелiк жыл ішiнде ай сайын жеке құрамның 25-30 пайызы демалыста болуы есебiмен бiркелкi берiледi. Жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде жараланған, контузия алған немесе мертіккен, сондай-ақ ұрыс қимылдарына және терроризмге қарсы (бітімгершілік) операцияларға қатысқан әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысын өзіне ыңғайлы уақытта алу құқығы беріледі.
65. Әскери қызметшілерге демалыстар (жыл сайынғы негізгі, отбасы жағдайы бойынша қысқа мерзімді және оқу демалыстары) Қазақстан Республикасының шегінде демалысты өткізу орнына бару және кері қайту үшін қажетті уақыт есептелмей ұсынылады.»;
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«76. Әскери қызметшілерге қосымша демалыстар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жерлерде және лауазымдарда қызмет өткерген кезеңінде беріледі.
Бұл ретте қосымша демалыстар әскери қызметке кірген немесе шығарылған жылы әскери қызметшілерге толық көлемде беріледі.»;
91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«91. Ұлттық ұланның зерделеу және іріктеу үшін жіберілген әскери қызметшілерімен бірге зерделеуді тиісті полиция департаменттері бастықтарының, ӨңҚ қолбасшыларының, әскери бөлім командирлерінің бірлескен бұйрықтарымен тағайындалатын ішкі істер органдарынан полиция қызметкерлері ЖӘБО және аумақтық полиция органдарына шыға отырып, жүзеге асырады.
Әскерге шақырылушыларды зерделеу процесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары 23-тармағының 9) тармақшасын басшылыққа алу қажет.
Жұмыстың нәтижесі бойынша осы Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес іріктеліп алынған әскерге шақырылушылардың алдын ала тізімі ресімделеді.»;
96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«96. Әскерге шақырылушыларды қабылдау бойынша командаларға тағайындалған әскери қызметшілер астана, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың жинау пунктінің бастығына бағынады. Олар жинау пунктінің жұмыс тәртібіне сәйкес іс-шараларға қатысады.»;
121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«121. Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген әскери қызметтің мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару Қазақстан Республикасы Президентінің Республика азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен жүргізіледі.».
Көрсетілген Нұсқаулыққа 8-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен норма шығармашылығын үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Ұсыныммен ресімделетін құжаттардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 618 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасының
Ұлттық ұланында әскери қызмет
өткеру нұсқаулығына
8-қосымша
Ұсыныммен ресімделетін құжаттардың тізбесі
Офицердің немесе сержанттар мен сарбаздар құрамы лауазымдарындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеруіне қатысты әрбір тармаққа тиісті аттестаттау материалдары ресімделеді және жеке құрам бойынша бұйрықпен іске асырылады.
1. Офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын беруге:
1) аттесттау (Ұлттық ұлан академиясының бітірушілеріне);
2) офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын беруге ұсыным;
3) тікелей командирінің (бастығының) команда бойынша баянаты;
4) тиісті жоғары білімінің болуы туралы құжаттар;
5) әскери-дәрігерлік комиссияның әскери қызмет өткеруге жарамдылығы туралы қорытындысы;
6) қызметтік мінездеме;
7) қызметтік карточкадан үзінді.
2. «Подполковникті» қоса алғанға дейінгі кезекті әскери атақты беруге:
1) ұсыным;
2) тікелей командирінің (бастығының) команда бойынша баянаты;
3) қызметтік карточкадан үзінді;
4) қызметтік мінездеме.
3. «Полковник» кезекті әскери атағын беруге:
1) ӨңҚ қолбасшысының (құрама командирінің, ұсынымға негіздемеде) қолы қойылған ұсыным;
2) қызметтік-жауынгерлік қызметтегі және лауазымдық міндеттерін орындаудағы көрсеткіштері көрсетілген мінездеме;
3) аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
4) қызметтік карточкадан үзінді.
4. Әскери атағынан айыруға немесе бір сатыға төмендетуге ұсынған кезде:
1) ұсыным;
2) қызметтік мінездеме;
3) соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі;
4) аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
5) қызметтік карточкадан үзінді.
5. Әскери қызметшілерді жоғары тұрған лауазымға тағайындау кезінде:
1) ұсыным (қосымша резервке тіркеген күні, қандай лауазымға тіркелгені көрсетіледі);
2) тікелей командирінің (бастығының) команда бойынша баянаты;
3) қызметтік мінездеме;
4) аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
5) қызметтік карточкадан үзінді.
6. Әскери қызметшілерді тең лауазымға тағайындау кезінде:
1) ұйымдық-штаттық іс-шараларға байланысты:
ұсыным (штатты өзгерту туралы бұйрықтың № көрсетіледі);
әскери қызметшінің ұсынылған лауазымға келісімін берген баянаты;
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
қызметтік карточкадан үзінді;
2) әскери қызметшіні әскери қызметте мақсатқа сәйкес пайдалану үшін:
ұсыным;
қызметтік мінездеме;
тікелей командирінің (бастығының) баянаты;
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
қызметтік карточкадан үзінді;
3) әскери қызметшінің баянаты бойынша отбасы жағдайы бойынша:
ұсыным;
әскери қызметшінің команда бойынша баянаты;
отбасы-мүліктік жағдайын тексеру актісі, медициналық мекеменің қорытындысы немесе халықты әлеуметтік қорғау органының қорытындысы;
мінездеме;
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
қызметтік карточкадан үзінді;
4) ӘДК-ның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша:
ұсыным;
әскери қызметшінің команда бойынша баянаты;
әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы;
мінездеме;
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
қызметтік карточкадан үзінді.
7. Әскери қызметшілерді олардың келісімімен төмен лауазымға тағайындау кезінде:
1) ұйымдық-штаттық іс-шараларға байланысты:
ұсыным;
әскери қызметшінің ұсынылған лауазымға келісімін берген баянаты;
мінездеме;
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
қызметтік карточкадан үзінді;
2) отбасылық жағдайларға байланысты:
ұсыным;
әскери қызметшінің команда бойынша баянаты;
отбасы-мүліктік жағдайын тексеру актісі, медициналық мекеменің қорытындысы немесе халықты әлеуметтік қорғау органының қорытындысы;
мінездеме;
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
қызметтік карточкадан үзінді;
3) ӘДК-ның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша:
ұсыным;
мінездеме;
әскери қызметшінің баянаты;
әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы;
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
қызметтік карточкадан үзінді;
4) командирдің (бастықтың) қарамағында болған кезеңде:
әскери қызметшінің немесе аға бастықтың баянаты;
ұсыным;
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
қызметтік карточкадан үзінді.
8. Әскери қызметшілерді олардың келісімінсіз төмен лауазымға тағайындау кезінде:
1) тікелей командирінің (бастығының) команда бойынша баянаты;
2) ұсыным;
3) мінездеме;
4) жазалау туралы бұйрықтардың үзінділері;
5) қызметтік тергеу материалдарының көшірмелері;
6) аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
7) қызметтік карточкадан үзінді.
9. Әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу кезінде:
1) әскери қызметшінің келісімімен бос (тағайындалмаған) әскери лауазым бойынша:
тікелей командирінің (бастығының) команда бойынша баянаты;
әскери қызметшінің баянаты;
ұсыным (лауазымды уақытша алмастыру қажеттігі көрсетіледі);
мінездеме;
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
қызметтік карточкадан үзінді;
2) бос емес (тағайындалған) әскери лауазым бойынша:
тікелей командирінің (бастығының) команда бойынша баянаты;
ұсыным (лауазымды уақытша алмастыру қажеттігі көрсетіледі);
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
қызметтік карточкадан үзінді.
10. Командирдің (бастықтың) қарамағына қабылдау кезінде:
1) тікелей командирінің (бастығының) баянаты;
2) әскери бөлім немесе құрама командирінің қарамағына қабылдаудың дәлелді себебі бар қолдаухаты;
3) әскери қызметшіге қатысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының шешімі (қаулысы);
4) аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
5) қызметтік карточкадан үзінді.
11. Әскери қызметтен запасқа шығару кезінде:
1) әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша:
ұсыным;
әскери қызметшінің әскери есепке қойылатын ӘБО көрсетілген шығару туралы баянаты;
мінездеме;
хабарлама;
2) шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет мерзімінің аяқталуы бойынша:
ұсыным;
баянат;
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
хабарлама;
3) денсаулық жағдайы бойынша:
ұсыным;
баянат;
әскери қызметшінің ӘДК-ға жіберу туралы өтініші бар шығару туралы баянаты;
әскери-дәрігерлік комиссияның куәлігі (анықтамасы);
хабарлама;
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
4) әскери атақтан айыру:
ұсыным;
соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі;
әскери атақтан айыру туралы ж/қ бойынша бұйрықтан үзінді.
12. Әскери қызметтен запасқа мерзімінен бұрын шығару кезінде:
1) ұйымдық-штаттық іс-шараларға байланысты:
ұсыным;
мінездеме;
әскери қызметшінің баянаты;
келісімшарттың көшірмесі және келісімшартқа толықтыру (куәландырылған);
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
хабарлама;
қызметтік карточкадан үзінді;
2) мемлекеттік қызметке кіруіне байланысты:
ұсыным;
мінездеме;
келісімшарттың көшірмесі және келісімшартқа толықтыру (куәландырылған);
әскери қызметшінің келісімшартты бұзу себебі негізделген команда бойынша баянаты;
мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшінің лауазымы көрсетілген әскери қызметшіні жұмысқа (қызметке) қабылдайтыны туралы хабарламасы;
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
қызметтік карточкадан үзінді;
3) келісімшарттың талаптарын орындамауына, сондай-ақ дәлелсіз себептермен қызметке шықпауына байланысты:
ұсыным;
тікелей командирінің (бастығының) команда бойынша баянаты;
мінездеме;
жазалау туралы бұйрықтан үзінді немесе аттестаттау;
қызметтік тергеу қорытындыларының және материалдарының көшірмелері;
келісімшарттың көшірмесі және келісімшартқа толықтыру (куәландырылған);
хабарлама;
қызметтік карточкадан үзінді;
4) арнайы тексеруден бас тартқан кезде:
ұсыным;
мінездеме;
әскери қызметшінің баянаты;
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
хабарлама;
қызметтік карточкадан үзінді;
5) соттың әскери қызметшіге бас бостандығынан айыру (шартты) түріндегі жаза тағайындау туралы үкімінің заңды күшіне енуі:
ұсыным;
соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі;
келісімшарттың көшірмесі және келісімшартқа толықтыру (куәландырылған);
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
хабарлама;
қызметтік карточкадан үзінді;
6) әскери қызметші келісімшарт талаптарын жүйелі түрде бұзған жағдайда:
тікелей командирінің (бастығының) баянаты;
ұсыным;
мінездеме;
қызметтік тергеу қорытындыларының және материалдарының көшірмелері;
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
келісімшарттың көшірмесі (куәландырылған);
хабарлама;
қызметтік карточкадан үзінді;
7) әскери қызметшіге қатысты келісімшарт талаптарын елеулі және (немесе) жүйелі түрде бұзылған жағдайда:
әскери қызметшінің келісімшарт талаптарының бұзылғанын көрсеткен баянаты;
ұсыным;
мінездеме;
шығарылу жағдайын растайтын құжаттар;
келісімшарттың көшірмесі және келісімшартқа толықтыру (куәландырылған);
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
қызметтік карточкадан үзінді;
8) отбасылық жағдайлар бойынша:
ұсыным;
мінездеме;
әскери қызметшінің команда бойынша баянаты;
отбасы-мүліктік жағдайын тексеру актісі, медициналық мекеменің қорытындысы немесе халықты әлеуметтік қорғау органының қорытындысы;
келісімшарттың көшірмесі және келісімшартқа толықтыру (куәландырылған);
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
қызметтік карточкадан үзінді;
9) ҚР өкілді органдарына сайланған жағдайда:
сайлау қорытындысы бар БАҚ құжаты көрсетілген ұсыным;
мінездеме;
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
қызметтік карточкадан үзінді;
10) судья лауазымына сайланған немесе тағайындалған жағдайда:
ұсыным;
мінездеме;
уәкілетті органның тағайындау туралы тиісті актісі немесе судья лауазымына сайланғаны туралы хабарламасы;
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
қызметтік карточкадан үзінді.
13. шегінде бір өңірлік қолбасшылықтан (құрама) басқасына ауысқан кезде:
1) денсаулық жағдайы бойынша:
әскери қызметшінің баянаты;
медициналық мекеменің (әскери-дәрігерлік комиссияның) қорытындысы;
өтініш білдірген әскери қызметші қызмет өткеруге ниет білдірген бөлім командирінің лауазым көрсетілген қолдаухаты;
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
қызметтік карточкадан үзінді;
2) әскери қызметшінің асырауындағы отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы бойынша:
баянат;
медициналық мекеменің қорытындысы;
неке (балалардың туу) туралы куәліктің көшірмесі;
өтініш білдірген әскери қызметші қызмет өткеруге ниет білдірген бөлім командирінің лауазым көрсетілген қолдаухаты;
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
қызметтік карточкадан үзінді;
3) әйелiнiң (күйеуінің) бөлек тұратын қартайған немесе науқас ата-аналарын күту қажеттiлiгiне негiзделген басқа жерге ауысу:
баянат;
халықты әлеуметтік қорғау органының қорытындысы;
ауысатын адамның және әйелінің (күйеуінің) туу туралы куәлігінің көшірмесі;
өтініш білдірген әскери қызметші қызмет өткеруге ниет білдірген бөлім командирінің лауазым көрсетілген қолдаухаты;
аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
қызметтік карточкадан үзінді.
14. Жаңа келісімшарт жасасқан кезде:
1) ұсыным;
2) әскери қызметшінің баянаты;
3) аттестаттау парағы;
4) келісімшарт;
5) қызметтік карточкадан үзінді.
15. Шекті жастан тыс жаңа келісімшарт жасасқан кезде:
1) ұсыным;
2) мінездеме;
3) әскери қызметшінің баянаты;
4) әскери-дәрігерлік комиссияның куәлігі (анықтамасы);
5) аттестаттау парағы;
6) келісімшарт;
7) қызметтік карточкадан үзінді.
16. Әскери қызметшіні әскери қызмет көзделген басқа мемлекеттік органға жіберген кезде:
1) ұсыным;
2) мінездеме;
3) әскери қызметшінің баянаты;
4) қызметтік карточкадан үзінді;
5) аттестаттау комиссиясының шешімі (хаттамадан үзінді);
6) әскери қызмет көзделген уәкілетті органның бірінші басшысы қол қойған мемлекеттік мекеменің хабарламасы.
Толтыру бойынша түсіндірме:
мінездемені рота командирі және одан жоғарылар жазады, команда бойынша бөлім командирімен келісіледі (күні, мөр, қолы және тегі мен аты-жөні қойылады);
қызметтік карточкада көтермелеулер мен жазалардың саны көрсетіледі. Алынбаған жазасы толық көрсетіледі (қашан, кім және не үшін жазалады);
қызметтік тергеудің қорытындысы және материалдары – көшірмесі жіберіледі.
ұсыным уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша «Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттың және ұсынымның үлгі нысандарын, сондай-ақ аттестаттау парағының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 36 қбпү бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16594 болып тіркелген) 7-қосымшаға сәйкес ресімделеді.