О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 25 декабря 2015 года № 24-НҚ "Об утверждении квалификационных требований к категориям административных государственных должностей корпуса "Б" Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 25 декабря 2015 года № 24-НҚ "Об утверждении квалификационных требований к категориям административных государственных должностей корпуса "Б" Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета"
- Атауы (қаз.)
- Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 24-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3-НҚ
- Қабылданған күні
- 02.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2016 104936_130406.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16K0000003
- ЭКБ идентификаторы
- 104936
- Редакция идентификаторы
- 104936_130406
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:41
0
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 24-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 17-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12639 тіркелген) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» Есеп комитетінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 24-НҚ («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған) нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
2 2) кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 17-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12639 тіркелген) «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
3 3) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
4 4) көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары».