Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 25 февраля 2015 года № 252 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Ереже · № 15 · қабылданған 01.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2015-no-252-ekb-102024/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 25 февраля 2015 года № 252 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 15 ·01.04.2016
21.08.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 25 февраля 2015 года № 252 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 15 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 25 февраля 2015 года № 252 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2015 жылғы 25 ақпандағы № 252 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15
Қабылданған күні
01.04.2016
Көрсетілген редакция
21.08.2024 102024_719528.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16NE006317
ЭКБ идентификаторы
102024
Редакция идентификаторы
102024_719528
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:48

0 Мәслихаттың 2015 жылғы

25 ақпандағы № 252 «Тұрғын үй
көмегін көрсету қағидасын
бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мәслихаттың 2015 жылғы 25 ақпандағы № 252 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5422 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде «Таза бұлақ Чистый родник» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Алтынсарин ауданының бөлімі Қостанай облысы бойынша филиалының «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» бейкоммерциялық акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) жүгінеді немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтінішпен және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады»;
3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады - күнтізбелік 10 (он) күн».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк
мекемесiнiң бастығы
________________ О. Банкова
2016 жылы 1 сәуір
«Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң
экономика және қаржы бөлiмi»
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
_________________ Е. Павлюк
2016 жылы 1 сәуір

Қолданыстағы