О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 25 мая 2015 года № 286 "Об утверждении Инструкции по формированию Эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан, а также внесению в него сведений"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 25 мая 2015 года № 286 "Об утверждении Инструкции по формированию Эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан, а также внесению в него сведений"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 286 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 70
- Қабылданған күні
- 10.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 22.09.2016 98989_117891.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013060
- ЭКБ идентификаторы
- 98989
- Редакция идентификаторы
- 98989_117891
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:34
0 «Қазақстан Республикасы Нормативтік
құқықтық актілерінің эталондық
бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ
оған мәліметтер енгізу жөніндегі
нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы
25 мамырдағы № 286 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық актілерінiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидаларының 17-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 286 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11194 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықта:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы қағидалардың 7, 8-тармақтарында көрсетілген келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді Эталондық банкке енгізу РҚАО-ға келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Нормативтiк құқықтық актілерді ресiмдеу және келiсу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысына (бұдан әрі - № 773 қаулы) сәйкес электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік органдардан жүйеге электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не электрондық-цифрлық жеткізгіште (CD-диск, USB флеш-карта) Microsoft Word (кеңейтілімі doc немесе docх) форматында келіп түседі.»;
Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымшада:
1-тармақтың жиырма бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«17-деректемеде – файлдарды бекіту: DOC немесе DOCX форматындағы файлдарды жүктеу (толтырылуы міндетті);»;
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «№ 773 қаулыға сәйкес нормативтік құқықтық актінің (негізгі, туынды және оған қосымша (лар) мәтіні бар файлдың бірыңғай форматы Microsoft Word форматында (кеңейтілімі doc немесе docx);».