Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жанибекского районного маслихата от 25 февраля 2015 года № 31-2 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Жанибекском районе»

Өзге акт · № 7-4 · қабылданған 10.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 29.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2015-no-31-2-ekb-183891/on/2026-08-29/
Басып шығарылды 2026-08-29 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жанибекского районного маслихата от 25 февраля 2015 года № 31-2 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Жанибекском районе» Қолданыста Өзге акт ·№ 7-4 ·10.07.2023
10.07.2023 редакциясы
29.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жанибекского районного маслихата от 25 февраля 2015 года № 31-2 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Жанибекском районе»

Қолданыста Өзге акт ·№ 7-4 · 29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жанибекского районного маслихата от 25 февраля 2015 года № 31-2 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Жанибекском районе»
Атауы (қаз.)
Жәнібек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 31-2 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7-4
Қабылданған күні
10.07.2023
Көрсетілген редакция
10.07.2023 183891_641296.kaz
Соңғы өзгеріс
10.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23ZF722207
ЭКБ идентификаторы
183891
Редакция идентификаторы
183891_641296
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:57

0 Жәнібек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 31-2 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Жәнібек аудандық мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2015 жылғы 25 ақпандағы №31-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31630 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жәнібек ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы»;
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жәнібек ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Жәнібек ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі және мөлшері

2023 жылғы 10
шілдедегі
№ 7-4
шешіміне қосымша
Жәнібек аудандық мәслихатының
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 31-2 шешіміне қосымша
Жәнібек ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар
қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу
тәртібі және мөлшері

1

1. Осы Жәнібек ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі және мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі-оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде «Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүргізеді.

3

3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

5

5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6 6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттар шығындарды өтеу қағидаларының 3 – қосымшасына сәйкес ұсынылады.

7 7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері оқу жылы ішінде ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға үш айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы