Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в решение районного маслихата от 25 ноября 2015 года № 317-V «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам),проживающим в Индерском районе»

Ереже · № 290-VI · қабылданған 16.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2015-no-317-v-ekb-131775/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в решение районного маслихата от 25 ноября 2015 года № 317-V «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам),проживающим в Индерском районе» Күшін жойған Ереже ·№ 290-VI ·16.05.2019
28.05.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в решение районного маслихата от 25 ноября 2015 года № 317-V «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам),проживающим в Индерском районе»

Күшін жойған Ереже ·№ 290-VI · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в решение районного маслихата от 25 ноября 2015 года № 317-V «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам),проживающим в Индерском районе»
Атауы (қаз.)
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 қарашадағы № 317-V «Индер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
290-VI
Қабылданған күні
16.05.2019
Көрсетілген редакция
28.05.2024 131775_702731.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19TF004409
ЭКБ идентификаторы
131775
Редакция идентификаторы
131775_702731
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:55

0 Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 қарашадағы № 317-V «Индер

ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысынасәйкес,Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 қарашадағы №317-V«Индер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы»(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №3379 санымен тіркелген, аудандық «Дендер» газетінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған)шешіміне келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Индер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасының:
1-тармағы келесі мазмұндағы5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға.»;
4-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Стандарттың 3 тармағына сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Индер ауданының бөліміне және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінеді.»;
келесі мазмұндағы 7-1- тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Индер ауданының бөліміне немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, жастар ісі, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтаумәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (О. Ділмұқашева) жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы