О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2015 года № 325 «Об утверждении Правил использования резервов Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2015 года № 325 «Об утверждении Правил использования резервов Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- vexp
- Нөмірі
- 28
- Қабылданған күні
- 26.01.2022
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2023 164171_610485.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000028
- ЭКБ идентификаторы
- 164171
- Редакция идентификаторы
- 164171_610485
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:38
0 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
25 сәуірдегі № 325 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:
4-тармақтың бірінші бөлігі 4) тармақшадағы «тапсырмасы болған жағдайларда жүзеге асырылады.» деген сөздер «тапсырмасы болған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервтерін пайдалану мақсатында Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан келтірілген зардаптарды жою мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссияның хаттамасы не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы болған жағдайларда жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 24-2-тармақпен толықтырылсын:
«24-2. 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлінген жағдайда тиісті мемлекеттік орган тиісті негіздемелермен және есептермен бірге бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.
Негіздемелер мен есептер кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу тәртібіне сәйкес ұсынылады.»;
мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
«27-1. 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервтерінен тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың қаулыларында көзделген шығыстарды қаржыландыру кезінде шығыстардың әрбір түрі бойынша бөлінген қаражаттың 50 %-ынан аспайтын мөлшерде (алдын ала) ақы төлеуге рұқсат етіледі.
Көрсетілген шығыстарды одан әрі қаржыландыруды бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес негіздейтін құжаттарды ұсынуына қарай бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар жүзеге асырады.».