О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2015 года № 325 «Об утверждении Правил использования резервов Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2015 года № 325 «Об утверждении Правил использования резервов Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- vexp
- Нөмірі
- 897
- Қабылданған күні
- 11.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2024 187108_675532.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000897
- ЭКБ идентификаторы
- 187108
- Редакция идентификаторы
- 187108_675532
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:24
0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидалары мынадай мазмұндағы 24-4-тармақпен толықтырылсын:
«24-4. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер учаскелері жер учаскелерін сатып алу жүргізілетін жергілікті атқарушы органның мұқтажы үшін сатып алынбайтын жағдайда мынадай растаушы құжаттары міндетті түрде ұсыныла отырып жүргізіледі:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы қаулысы;
2) меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы туралы мәліметтер (жеке куәлік, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама) және басқа да сәйкестендіру құжаттары;
3) әртүрлі санаттағы жер учаскелерінің орналасқан жері, ауданы, кадастрлық нөмірі (жеке тұрғын үй құрылысы, бизнес, ауыл шаруашылығы алқаптары);
4) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарық құны туралы бағалаушының қорытындысы.».