Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Глубоковского районного маслихата от 25 февраля 2015 года № 33/2-V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»

Ереже · № 2/4-VI · қабылданған 12.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 07.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2015-no-332-v-ekb-101745/on/2026-09-07/
Басып шығарылды 2026-09-07 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Глубоковского районного маслихата от 25 февраля 2015 года № 33/2-V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи» Күшін жойған Ереже ·№ 2/4-VI ·12.04.2016
20.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
07.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Глубоковского районного маслихата от 25 февраля 2015 года № 33/2-V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»

Күшін жойған Ереже ·№ 2/4-VI · 07.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Глубоковского районного маслихата от 25 февраля 2015 года № 33/2-V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
«Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтау Ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2/4-VI
Қабылданған күні
12.04.2016
Көрсетілген редакция
20.03.2024 101745_697076.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16VI004528
ЭКБ идентификаторы
101745
Редакция идентификаторы
101745_697076
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:38

0 «Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін

және тәртібін анықтау Ережесін бекіту
туралы» 2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 33/2-V Глубокое аудандық мәслихатының
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97 - бабының 2 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтау Ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3794 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 10 сәуірде «Ақ бұлақ», «Огни Прииртышья» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97 - бабының 2 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 -бабы 1 - тармағының 15) - тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
осы шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтау Ережесінде:
5 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін (азамат немесе оның сенімхат бойынша өкілі) тоқсан сайын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталына арызбен жүгінеді және Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы