О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 25 августа 2015 года № 49/02 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере дошкольного воспитания и обучения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 25 августа 2015 года № 49/02 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере дошкольного воспитания и обучения»
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 49/02 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17/01
- Қабылданған күні
- 17.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2020 121088_450444.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18K0004727
- ЭКБ идентификаторы
- 121088
- Редакция идентификаторы
- 121088_450444
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:49
0 Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 тамыздағы
№ 49/02 «Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту саласында
көрсетілетін мемлекеттік
қызметтер регламентін бекіту
туралы» қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 11 қазандағы № 518 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15966 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 49/02 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3416 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қазандағы № 164 (22 046) «Орталық Қазақстан» газетінде, 2015 жылғы 13 қазандағы № 141 (21 892) «Индустриальная Караганда» газетінде, 2015 жылғы 14 қазандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде:
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кезекке қою туралы хабарлама беру (ерікті нысанда), орын болған жағдайда – мектепке дейінгі ұйымға жолдама беру (ерікті нысанда) немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10981 болып тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кезектілікті басқарудың арнайы ақпараттық жүйесі арқылы ресімделеді және электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жолданады.
Портал арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электронды құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды және (немесе) қағаз түрінде.»;
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде:
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: мектепке дейінгі ұйым мен баланың ата-анасының бірі немесе заңды өкілі араcында жасалған шарт негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10981 болып тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;
5-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды берген сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады;».