Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 25 августа 2015 года № 49/03 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере среднего образования»

Қаулы · № 26/01 · қабылданған 31.05.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2015-no-4903/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 25 августа 2015 года № 49/03 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере среднего образования» Күшін жойған Қаулы ·№ 26/01 ·31.05.2018
26.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 25 августа 2015 года № 49/03 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере среднего образования»

Күшін жойған Қаулы ·№ 26/01 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 25 августа 2015 года № 49/03 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере среднего образования»
Атауы (қаз.)
Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 49/03 «Орта білім беру саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
26/01
Қабылданған күні
31.05.2018
Көрсетілген редакция
26.03.2020 122323_450413.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18K0004814
ЭКБ идентификаторы
122323
Редакция идентификаторы
122323_450413
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:16

0 Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 тамыздағы

№ 49/03 «Орта білім беру саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 28 «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16749 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 49/03 «Орта білім беру саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3425 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қазанда № 164 (22 046) «Орталық Қазақстан», 2015 жылғы 13 қазанда № 141 (21 892) «Индустриальная Караганда» газеттерінде, 2015 жылғы 15 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде:
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және жаңа оқу жылынан бастап орта білім беру ұйымына (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) қабылдау туралы бұйрық.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электронды немесе қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келеді.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде:
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі негізгі орта білім туралы аттестаттың телнұсқасын, жалпы орта білім туралы аттестаттың телнұсқасын беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы