О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 мая 2015 года № 593 "Об утверждении Регламента Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 мая 2015 года № 593 "Об утверждении Регламента Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 593 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 812
- Қабылданған күні
- 28.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2017 93635_240238.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011954
- ЭКБ идентификаторы
- 93635
- Редакция идентификаторы
- 93635_240238
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:55
0 «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 593 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 1 шілдедегі № 01-38.14 дсп бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 593 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11535 тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрілігінің Регламентінде:
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«16. Бюджет кодексінің және «Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының талаптарына сәйкес Министр бекітетін Ішкі бақылау департаменті (бұдан әрі – ІБД) жұмыс жоспарларын қоспағанда, қызметіне тікелей Министр жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің жұмыс жоспарларын олардың басшылары бекітеді.»
56-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«56. Сақтау мерзімі 10 жылға дейінгі құжаттар (сақтау мерзімі 75 жыл, тұрақты, ЭПҚ белгісі бар құжаттардан басқа) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттардың электрондық нысанында ғана қабылданады және жолданады.
Шығыс хат-хабарларына қол қою өкілеттігі:
Оның өз өкілеттігі шеңберінде Жауапты хатшымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жіберілетін құжаттарға Министр немесе Министрдің міндетін атқару ресми жүктелген тұлға қол қояды;
орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, республика және шетелдердің ұйымдарына жіберілетін құжаттарға өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша жауапты хатшы немесе вице-министр қол қояды; Министрліктің қарамағындағы ұйымдарға жіберілетін құжаттарға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптарға жауапты хатшы, вице-министрлермен, комитет төрағаларымен қол қояды;
Ведомстваларға жіберілетін құжаттарға немесе оның аймақтық және құрылымдық бөлімшелердің басшылары немесе оның орнын алмастыратын тұлға қол қояды.».