Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 мая 2015 года № 595 «Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан»

Бұйрық · № 948 · қабылданған 29.09.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2015-no-595/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 мая 2015 года № 595 «Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 948 ·29.09.2015
28.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 мая 2015 года № 595 «Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 948 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 мая 2015 года № 595 «Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
948
Қабылданған күні
29.09.2015
Көрсетілген редакция
28.04.2016 94889_93191.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012220
ЭКБ идентификаторы
94889
Редакция идентификаторы
94889_93191
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:12

0 «Қазақстан Республикасы Инвестициялар

және даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
Министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 595
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11543 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін».
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме):
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қызметшінің қорытынды бағасын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Жауапты хатшысы, ал Комитеттерде және олардың аумақтық бөлімшелерінде – тиісінше Комитеттің төрағасы және аумақтық бөлімшенің басшысы бекітетін тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді».
24, 25, 26- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды;
26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты персоналды басқару қызметі екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.».
әдістемеге 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (М.Н. Иғалиев) белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы _____________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы)

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму Министрінің
міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 қыркүйек № 948
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың
әдістемесіне 3-қосымша
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
_____________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тікелей басшының бағасы
Айналмалы баға
Қорытынды баға
1

Комиссия қорытындысы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: ____________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия төрағасы:_______________________  Күні: ____________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесі:  ________________________ Күні: ____________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

Қолданыстағы