Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в совместный приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 7-1/1130 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 802 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области ветеринарии»

Бұйрық · № 273 · қабылданған 26.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2015-no-7-11130-28-2015-no-802-ekb-171531/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в совместный приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 7-1/1130 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 802 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области ветеринарии» Қолданыста Бұйрық ·№ 273 ·26.08.2022
26.08.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в совместный приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 7-1/1130 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 802 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области ветеринарии»

Қолданыста Бұйрық ·№ 273 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в совместный приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 7-1/1130 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 802 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области ветеринарии»
Атауы (қаз.)
«Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
273
Қабылданған күні
26.08.2022
Көрсетілген редакция
26.08.2022 171531_593537.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029447
ЭКБ идентификаторы
171531
Редакция идентификаторы
171531_593537
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:23

0 «Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12636 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағына және «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидалары және тексеру парақтарының нысандарына сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелеріне жатқызу және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін әзірленді.»;
3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) өрескел бұзушылық – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке алып келетін Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу, жануарлар мен адамдардың улануына алып келетін ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамау, сондай-ақ материалдық-техникалық жарақтандыруға, сынамаларды іріктеуге қойылатын талаптарды сақтамау, ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізбеу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізбеу, шағымдар мен арыздардың болуы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринария саласындағы талаптарын бұзу.»;
көрсетілген өлшемшарттарға 11 және 12-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 12 және 13-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті

1 Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға қатысты ветеринария саласындағы субъективті өлшемшарттар

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 27 тамыздағы № 61 мен
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 26 тамыздағы № 273
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Ветеринария саласындағы
тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
11-қосымша
Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға қатысты ветеринария саласындағы субъективті өлшемшарттар

Бұзу өлшемшарттары
Бұзу дәрежесі
1
2
3
Ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомоствосының аумақтық бөлімшелері жүргізетін бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілікті мониторингтеу нәтижелері
1.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша алынған биопрепараттардың бар-жоғы және оларды жұмсау туралы есепті ұсынбау
Өрескел
2.
Жануарлардың аурулары туралы есепті ұсынбау
Өрескел
Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы алдыңғы тексерулердің және профилактикалық бақылау және қадағалаудың нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)
3.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорындағы мәліметтерге сәйкес келетін жеке нөмірлері көрсетілген вакциналау, аллергиялық зерттеулер, өңдеу жүргізілген жануарлар актілерінің, тізімдемелерінің болуы
Өрескел
4.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын талаптарды сақтау:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу орнын және уақытын айқындайды;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізеді;
3) жануарға жеке нөмір береді;
4) дерекқордың жүргізілуін жүзеге асырады (дерекқорға деректер енгізу);
5) жануар иесіне ветеринариялық паспорт береді
Өрескел
5.
Биологиялық материалдардан сынамалар алу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу жөніндегі талаптарды сақтау
Өрескел
6.
Үш жыл бойы сақталуы тиіс берілген ветеринариялық анықтамаларды, көшірмелер мен түбіртектерді есепке алудың болуы
Өрескел
7.
Жануарлардың аса қауіпті және энзоотикалық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуге арналған аспаптар мен құралдардың аз қажетті санының болуы:
1) ветеринариялық іс-шаралар жүргізуге арналған жануарларды қозғалтпай ұстау құрылғысы;
2) инесіз инъектор;
3) термочемодандар;
4) жаппай екпе жасауға арналған аппарат (металдан жасалған);
5) кутиметр;
6) ұнтақ беру құрылғысы (дәрі-дәрмек үшін);
7) бұқаға арналған мұрын сақинасы;
8) қайшылар;
9) мақта (стерильді емес);
10) ветеринариялық термометр
Өрескел
8.
Ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған тоңазытқыштың және тоңазытқыш агенті бар термосыйымдылықтың (өлшемдері 100x100x200 сантиметрден (бұдан әрі – см) аспайтын), сондай-ақ металл шкафтың болуы
Өрескел
9.
Ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған және бүкіл сақтау мерзiмi ішінде олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін мамандандырылған қойма үй-жайларының болуы
Өрескел
10.
Ветеринариялық препараттардың қозғалысын есепке алудың болуы
Өрескел
11.
Үй-жайлардың температурасы мен ылғалдылығына тұрақты бақылау жүргізу, сондай-ақ үй-жайларды жинау және өңдеу
12.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы ведомостердің болуы
Елеулі
13.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттардың қажетті ең аз тізбесімен қамтамасыз ету жөніндегі талапты сақтау:
1) суық және ыстық таңбалауды жүргізуге арналған аппарат;
2) сырға салуды жүргізуге арналған аппарат;
3) өзі желімденетін штрих-кодтарды басып шығаруға арналған принтер;
4) жануарлардың жеке нөмірлерін санауға арналған сканер;
5) аспаптарға, құралдарға және атрибуттарға арналған сөмке
Елеулі
14.
Дезинфекциялау қондырғылары бар автомашиналардың (сыйымдылығы 500-600 литр) болуы
Елеулі
15.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға арналған тұзақ құралдарының болуы және оларды аулау талаптарының сақталуы
Елеулі
16.
Сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселері көмілетін мал қорымдарын қоспағанда, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес ұстау жөніндегі талаптарды сақтау:
1) биіктігі 2,5 метр (бұдан әрі – м), ұзындығы 6 м, ені 3 м болатын қалқа;
2) жануарлардың өлекселерін союға, дезинфекциялаушы құралдарды, мүкәммалды, арнайы киімді және құрал-саймандарды сақтауға арналған үй-жайлар;
3) шұңқырдан шығарылған диаметрі 25 см және биіктігі 3 м сорғыш мұржа;
4) биіктігі кемінде 2 м кіру қақпасы бар дуал;
5) дуалдың ішкі жағынан бүкіл периметрі
бойынша тереңдігі 0,8 – 1,4 м және ені 1,5 м траншея;
6) шұңқырдың екі қабатты жабыны;
7) көпір
Өрескел
17.
Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселері көмілетін мал қорымдарын ұстау жөніндегі талаптарды сақтау:
1) сібір жарасының топырақты ошақтарының координаттары мен шекараларын белгілей отырып, сібір жарасының тіркелген эпизоотиялық ошақтары туралы ақпараттың болуы;
2) адамдар мен жануарлардың өтіп кетуіне жол бермейтін топырақтағы ошақтарды бүкіл периметрі бойынша биіктігі кемінде 1,5 метр дуалмен (метал немесе бетон) қоршау. Топырақты ошақта «Сібір жарасы» деген жазуы бар (аурудың пайда болған күнімен) тақтайшалардың болуы;
Өрескел
18.
Ветеринариялық есепке алу журналдарының болуы және жүргізілуі:
1) ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жазуға арналған журнал (ветесепке алу, № 1-вет нысан);
2) жануарлардың ауруларын тіркеуге арналған журнал (ветесепке алу, № 2-вет нысан)
Өрескел
19.
Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған аспаптар мен құралдардың ең төменгі қажетті санымен қамтамасыз етілу (жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде) жөніндегі талапты сақтау:
1) ұрықтандырушы техниктің чемоданы (жинақталған);
2) микроскоп;
3) Дьюар ыдысы, 35 литр;
4) Дьюар ыдысы, 6 литр
Болмашы
Бақылау және қадағалау субъектісінің кінәсынан туындаған ыңғайсыз оқиғалардың болуы (жануарлардың инфекциялық, паразиттік аурулары жағдайларының туындауы, жануарлардың кенеттен және жаппай қырылуы)
20.
Бақылау және қадағалау субъектісінің жануарлардың инфекциялық және паразитарлық ауруларының дамуына және таралуына, сондай-ақ жануарлардың қырылуына, адамдардың және жануарлардың ауруға шалдығуына немесе жұқтыруына алып ететін жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілмеу фактілерінің болуы
Өрескел
Расталған шағымдардың және арыздардың болуы және саны
21.
Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтамау фактілері бойынша бір немесе одан да көп расталған шағымның және (немесе) арыздың болуы
Өрескел
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалаудың нәтижелері
22.
Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау және қадағалау аясында берілген ұсынымдарды орындау жөнінде ақпараттарды ұсынбау
Өрескел
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерін талдау нәтижелері
23.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды бұзу фактілері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында расталған ақпараттың болуы
Өрескел
Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері
24.
Бақылау және қадағалау субъектісінің құрылысын жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) ұстаудың бұзушылықтары туралы расталған ақпараттың болуы
Өрескел
25.
Бақылау және қадағалау субъектісінің ветеринариялық анықтамаларды беруді ресімдеу талаптарының бұзушылықтары туралы расталған ақпараттың болуы
Өрескел
26.
Бақылау және қадағалау субъектісінің жануарлар мен адамдардың ауруға шалдығуына, топырақтың, судың және өсімдік жабынының ластануына алып келетін ветеринариялық препараттарды пайдалану және сақтау шарттарын сақтамауының расталған фактілерінің болуы
Өрескел
27.
Бақылау және қадағалау субъектісінің құрылысын жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған сою алаңдарын (ауыл шаруашалығы жануарларын сою алаңы) ұстауының бұзушылықтары туралы расталған ақпараттың болуы
Өрескел
28.
Жоспарлы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) профилактикалық іс-шаралардың уақытында жүргізілмеуі туралы расталған ақпараттың болуы
Өрескел

2 Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне қатысты ветеринария саласындағы субъективті өлшемшарттар

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 27 тамыздағы № 61 мен
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 26 тамыздағы № 273
бірлескен бұйрығына 2-қосымша
Ветеринария саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
12-қосымша
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне қатысты ветеринария саласындағы субъективті өлшемшарттар

Бұзу өлшемшарттары
Бұзу дәрежесі
1
2
3
Ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомоствосының аумақтық бөлімшелері жүргізетін бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілікті мониторингтеу нәтижелері
1.
Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын объектiлерде жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы туралы есепті ұсынбау
Өрескел
2.
Ішкi сауда объектiлерiнде (базарларда) жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты ветеринариялық-санитариялық сараптау туралы есепті ұсынбау
Өрескел
3.
Мемлекеттiк тапсырыс бойынша алынған биопрепараттардың болуы және оларды жұмсау туралы есепті ұсынбау
Өрескел
4.
Заңды тұлғалардың ветеринариялық биологиялық препараттарды өндiруi туралы есепті ұсынбауы
Өрескел
5.
Жануарлардың аурулары туралы есепті ұсынбау
Өрескел
6.
Ветеринариялық препараттарды қолдану және азық пен азықтық қоспаларды пайдалану туралы есепті ұсынбау
Өрескел
7.
Ветеринариялық–санитариялық объектiлердi салу, лицензиялау, ветеринария саласында қызмет көрсететін ветеринариялық дәрігерлердің саны және жануарларды бiрдейлендiру мәселелерi туралы есепті ұсынбау
Өрескел
Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы жүргізілген алдыңғы тексерулердің және профилактикалық бақылау және қадағалаудың нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)
8.
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды (ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда) сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру жөніндегі талапты сақтау
Өрескел
9.
Жануарлар өндіріс объектісіне келіп түскен кезде эпизоотологиялық зерттеп-қарау (карантиндеу кезеңіндегі эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар) актісінің болуы
Өрескел
10.
Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда, оларға зерттеп-қарау жүргізілгені туралы эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісінің болуы
Өрескел
11.
Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру
Өрескел
12.
Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету
Өрескел
13.
Ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі талапты сақтау
Елеулі
14.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды, ветеринариялық препараттардың профилактикасы мен диагностикасы, оларды сақтауды және тасымалдауды (жеткізу) ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді жүзеге асыру бойынша талапты сақтауы
Елеулі
15.
Мерзімдерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі талаптарды сақтау
Елеулі
16.
Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының бекітілген тізбесінің болуы
Елеулі
17.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру бойынша талапты сақтау
Елеулі
18.
Ветеринариялық есепке алу журналдарының болуы және жүргізілуі
Елеулі
19.
Берілген ветеринариялық-санитариялық қорытындыларды есепке алудың болуы, олардың көшірмелері және түбіртектері үш жыл сақталуы тиіс
Елеулі
Бақылау және қадағалау субъектінің кінәсынан туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы (жануарлардың инфекциялық, паразиттік аурулары жағдайларының туындауы, жануарлардың кенеттен және жаппай қырылуы)
20.
Бақылау және қадағалау субъектісінің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, салдарлары жануарлардың инфекциялық, паразитарлық және энзоотиялық ауруларының таралуына, сондай-ақ ветеринариялық іс-шараларды орындау және (немесе) жүргізу салдарынан адамдардың және жануарлардың ауруына немесе улануына алып келетін ветеринариялық іс-шараларды орындауды және (немесе) жүргізуді ұйымдастырудың қамтамасыз етілмеу фактілері туралы ақпараттың болуы
Өрескел
Расталған шағымдардың және арыздардың болуы және саны
21.
Құзыреті шегінде ветеринария саласындағы талаптардың сақталмау фактілері бойынша бір немесе одан да көп расталған шағымның және (немесе) өтінімнің болуы
Өрескел
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалаудың нәтижелері
22.
Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалау шеңберінде берілген ұсынымдардың орындалуы жөнінде ақпараттың ұсынылмауы
Өрескел
Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратын талдау нәтижелері
23.
Бақылау және қадағалау субъектісінің ветеринариялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етпеу фактілері туралы расталған ақпараттың болуы
Өрескел
Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері
24.
Бақылау және қадағалау субъектісінің ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыруды жүргізбеуінің расталған фактілерінің болуы
Өрескел
25.
Бақылау және қадағалау субъектісінің жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты алып қоймай залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) және өңдеуді қамтамасыз етпеуі туралы бұзушылықтың расталған фактілерінің болуы
Өрескел
26.
Бақылау және қадағалау субъектісінің денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыруды жүргізбеу бұзушылықтарының расталған фактілерінің болуы
Өрескел
27.
Бақылау және қадағалау субъектісінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға деген қажеттілікті айқындамау және процессингтік орталыққа ақпарат бермеу фактілері туралы расталған ақпараттың болуы
Өрескел

3 Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 27 тамыздағы № 61
мен Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 26 тамыздағы № 273
бірлескен бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 7-1/1130 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 802 бірлескен бұйрығына
12-қосымша
Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________________
_____________________________________________________________________________
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/
профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы акт_______________
_____________________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы___________________________
_____________________________________________________________________________
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы_________________________________________________
_____________________________________________________________________________

Та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
Та­лап еті­ле­ді
Та­лап етіл­мей­ді
Та­лап­қа сай
Та­лап­қа сай емес
1
2
3
4
5
6
1.
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бір­дей­лен­ді­ру жө­нін­де­гі де­рекқор­да­ғы мә­лі­мет­тер­ге сәй­кес ке­ле­тін же­ке нө­мір­ле­рі көр­се­ті­л­ген, вак­ци­на­лау, ал­лер­ги­я­лық зерт­те­улер, өң­деу жүр­гі­зі­л­ген жа­ну­ар­лар ак­ті­ле­рі­нің, ті­зім­де­ме­ле­рі­нің бо­луы
2.
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бір­дей­лен­ді­ру­ді жүр­гі­зу жө­нін­де­гі ұй­ым­дар­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды сақ­тау:
1) ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бір­дей­лен­ді­ру­ді жүр­гі­зу ор­нын және уа­қы­тын ай­қын­дай­ды;
2) ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бір­дей­лен­ді­ру­ді жүр­гі­зе­ді;
3) жа­ну­ар­ға же­ке нө­мір бе­ре­ді;
4) де­рекқор­дың жүр­гі­зі­лу­ін жү­зе­ге асы­ра­ды (де­рекқор­ға де­ректер ен­гі­зу);
5) жа­ну­ар ие­сіне ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт бе­ре­ді
3.
Био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­дар­дан сы­на­ма­лар алу және олар­ды ве­те­ри­на­ри­я­лық зерт­ха­на­ға жет­кі­зу жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау
4.
Үш жыл сақ­та­луы ти­іс бе­рі­л­ген ве­те­ри­на­ри­я­лық анық­та­ма­лар­дың, кө­шір­ме­лер мен тү­бір­тек­тер­ді есеп­ке алу­дың және бе­ру­дің бо­луы
5.
Жа­ну­ар­лар­дың аса қа­уіп­ті және эн­зоо­ти­ка­лық ау­ру­ла­ры­на қар­сы ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар жүр­гізу­ге ар­нал­ған ас­пап­тар мен құ­рал­дар­дың ең аз тө­мен­гі қа­жет­ті са­ны­ның бо­луы:
1) ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар жүр­гізу­ге ар­нал­ған жа­ну­ар­лар­ды қоз­ғалт­пай ұстау құ­ры­л­ғы­сы;
2) ине­сіз инъ­ек­тор;
3) тер­мо­че­мо­дан­дар;
4) жап­пай ек­пе жа­са­у­ға ар­нал­ған ап­па­рат (ме­тал­дан жа­сал­ған);
5) ку­ти­метр;
6) ұн­тақ бе­ру құ­ры­л­ғы­сы (дә­рі-дәр­мек үшін);
7) бұ­қа­ға ар­нал­ған мұ­рын са­қи­на­сы;
8) қай­шы­лар;
9) мақ­та (сте­риль­ді емес);
10) ве­те­ри­на­ри­я­лық тер­мо­метр
6.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған то­ңа­зыт­қы­штың және то­ңа­зыт­қыш аген­ті бар тер­мо­сый­ым­ды­лық­тың (өл­шем­де­рі 100x100x200 сан­ти­метр­ден (бұ­дан әрі – см) ас­пай­тын), сон­дай-ақ ме­талл шкаф­тың бо­луы
7.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған және бү­кіл сақ­тау мерзi­мi ішін­де олар­дың қа­уiп­сiздi­гiн қам­та­ма­сыз ете­тін ма­ман­дан­ды­ры­л­ған қой­ма үй-жай­ла­ры­ның бо­луы
8.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­дың қоз­ға­лы­сын есеп­ке алу­дың бо­луы
9.
Үй-жай­лар­дың тем­пе­ра­ту­ра­сы мен ылғал­ды­лы­ғы­на тұ­рақ­ты ба­қы­лау жүр­гі­зу, сон­дай-ақ үй-жай­лар­ды жи­нау және өң­деу
10.
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бір­дей­лен­ді­ру­ді жүр­гі­зу ту­ра­лы ве­до­мо­стер­дің бо­луы
11.
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бір­дей­лен­ді­ру­ді жүр­гізу­ге ар­нал­ған ат­ри­бут­тар­дың қа­жет­ті ең аз тіз­бе­сі­мен қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі та­лап­ты сақ­тау:
1) суық және ыстық таң­ба­ла­уды жүр­гізу­ге ар­нал­ған ап­па­рат;
2) сыр­ға са­лу­ды жүр­гізу­ге ар­нал­ған ап­па­рат;
3) өзі же­лім­де­не­тін штрих-код­тар­ды ба­сып шы­ға­ру­ға ар­нал­ған прин­тер;
4) жа­ну­ар­лар­дың же­ке нө­мір­ле­рін са­на­у­ға ар­нал­ған ска­нер;
5) ас­пап­тар­ға, құ­рал­дар­ға және ат­ри­бут­тар­ға ар­нал­ған сө­мке
12.
Дез­ин­фек­ци­я­лау қон­дыр­ғы­ла­ры бар ав­то­ма­ши­на­лар­дың (сый­ым­ды­лы­ғы 500-600 литр) бо­луы
13.
Қаң­ғы­бас ит­тер мен мысық­тар­ды аула­у­ға және жо­ю­ға ар­нал­ған тұ­зақ құ­рал­да­ры­ның бо­луы және олар­ды аулау және жою та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
14.
Сі­бір жа­ра­сы­нан өл­ген жа­ну­ар­лар­дың өлек­се­ле­рі кө­мі­ле­тін мал қо­рым­да­рын қо­с­па­ған­да, мал қо­рым­да­рын (био­тер­ми­я­лық шұң­қыр­лар­ды) мы­на­дай ве­те­ри­на­ри­я­лық (ве­те­ри­на­ри­я­лық-са­ни­та­ри­я­лық) та­лап­тар­ға сәй­кес ұстау жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау:
1) би­ік­ті­гі 2,5 метр (бұ­дан әрі – м), ұзынды­ғы 6 м, ені 3 м бо­ла­тын қал­қа;
2) жа­ну­ар­лар­дың өлек­се­ле­рін со­ю­ға, дез­ин­фек­ци­я­ла­у­шы құ­рал­дар­ды, мүк­әм­мал­ды, ар­найы ки­ім­ді және құ­рал-сай­ман­дар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған үй-жай­лар;
3) шұң­қыр­дан шы­ға­ры­л­ған диа­мет­рі 25 см және би­ік­ті­гі 3 м сор­ғыш мұр­жа;
4) би­ік­ті­гі ке­мін­де 2 м кі­ру қақ­па­сы бар ду­ал;
5) ду­ал­дың іш­кі жа­ғы­нан бү­кіл пе­ри­мет­рі
бой­ын­ша те­рең­ді­гі 0,8 – 1,4 м және ені 1,5 м тран­шея;
6) шұң­қыр­дың екі қа­бат­ты жа­бы­ны;
7) кө­пір
15.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық (ве­те­ри­на­ри­я­лық-са­ни­та­ри­я­лық) та­лап­тар­ға сәй­кес сі­бір жа­ра­сы­нан өл­ген жа­ну­ар­лар­дың өлек­се­ле­рі кө­мі­ле­тін мал қо­рым­да­рын ұстау жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау:
1) сі­бір жа­ра­сы­ның то­пы­рақ­ты ошақ­та­ры­ның ко­ор­ди­нат­та­ры мен ше­ка­ра­ла­рын бел­гі­лей оты­рып, сі­бір жа­ра­сы­ның тір­кел­ген эпи­зоо­ти­я­лық ошақ­та­ры ту­ра­лы ақ­па­рат­тың бо­луы;
2) адам­дар мен жа­ну­ар­лар­дың өтіп ке­ту­іне жол бер­мей­тін то­пы­рақ­та­ғы ошақ­тар­ды бү­кіл пе­ри­мет­рі бой­ын­ша би­ік­ті­гі ке­мін­де 1,5 метр ду­ал­мен (ме­тал неме­се бе­тон) қор­шау. То­пы­рақ­ты ошақ­та «Сі­бір жа­ра­сы» де­ген жа­зуы бар (ау­ру­дың пай­да болған кү­ні­мен) тақ­тай­ша­лар бо­луы;
16.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық есеп­ке алу жур­нал­да­ры­ның бо­луы және тол­ты­ры­луы:
1) ве­те­ри­на­ри­я­лық-про­фи­лак­ти­ка­лық іс-ша­ра­лар­ды жазуға ар­нал­ған жур­нал (ве­те­сеп­ке алу, № 1-вет ны­сан);
2) жа­ну­ар­лар­дың ау­ру­ла­рын тір­ке­у­ге ар­нал­ған жур­нал (ве­те­сеп­ке алу, № 2-вет ны­сан)
17.
Жа­ну­ар­лар­ды қол­дан ұрық­тан­ды­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ге ар­нал­ған ас­пап­тар мен құ­рал­дар­дың ең тө­мен­гі қа­жет­ті са­ны­мен қам­та­ма­сыз еті­лу (жа­ну­ар­лар­ды қол­дан ұрық­тан­ды­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ке­зін­де) жө­нін­де­гі та­лап­ты сақ­тау:
1) ұрық­тан­ды­ру­шы тех­ник­тің че­мо­да­ны (жи­нақ­тал­ған);
2) мик­ро­скоп;
3) Дью­ар ыдысы, 35 литр;
4) Дью­ар ыдысы, 6 литр
Лауазымды адам (дар):
_________________ ______________ _______________________________________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
_________________ ______________ _______________________________________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
_________________ ______________ _______________________________________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Бақылау және қадағалау субъектінің (объектінің) басшысы
_________________ ______________ _______________________________________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

4 Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 27 тамыздағы № 61
мен Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 26 тамыздағы № 273
бірлескен бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 7-1/1130 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 802 бірлескен бұйрығына
13-қосымша
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________________
____________________________________________________________________________
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/
профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы акт_______________
____________________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы__________________________
____________________________________________________________________________
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________
____________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы________________________________________________
____________________________________________________________________________

Та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
Та­лап еті­ле­ді
Та­лап етіл­мей­ді
Та­лап­қа сай
Та­лап­қа сай емес
1
2
3
4
5
6
1.
Жа­ну­ар­лар­дың аса қа­уіп­ті ау­ру­ла­ры­ның про­фи­лак­ти­ка­сы­на ар­нал­ған ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­ды (ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­дың рес­пуб­ли­ка­лық қо­рын қо­с­па­ған­да) сақ­та­уды, та­сы­мал­да­уды (жет­кі­зу­ді) ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі та­лап­ты сақ­тау
2.
Өн­ді­ріс объ­ек­ті­сіне жа­ну­ар­лар ке­ліп түс­кен кез­де эпи­зоото­ло­ги­я­лық зерт­теп-қа­рау (ка­ран­т­ин­деу ке­зе­ңін­де­гі эпи­зоо­ти­я­ға қар­сы және про­фи­лак­ти­ка­лық іс-ша­ра­лар) ак­ті­сі­нің бо­луы
3.
Эпи­зоо­тия ошақ­та­ры пай­да болған жағ­дай­да, олар­ға зерт­теп-қа­рау жүр­гі­зі­л­ге­ні ту­ра­лы эпи­зоото­ло­ги­я­лық зерт­теп-қа­рау ак­ті­сі­нің бо­луы
4.
Ау­ру жа­ну­ар­лар­ды са­ни­та­ри­я­лық со­ю­ды ұй­ым­да­сты­ру
5.
Мал қо­рым­да­рын (био­тер­ми­я­лық шұң­қыр­лар­ды) са­лу­ды, ре­кон­струк­ци­я­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру және олар­ды кү­тіп-ба­ғу­ды қам­та­ма­сыз ету
6.
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­на бір­дей­лен­ді­ру жүр­гізу­ге ар­нал­ған бұй­ым­дар (құ­рал­дар) мен ат­ри­бут­тар­ды та­сы­мал­дау (жет­кі­зу) жө­нін­де­гі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді мем­ле­кет­тік са­тып алу­ды жү­зе­ге асы­ру жө­нін­де­гі та­лап­ты сақ­тау
7.
Об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­ның жа­ну­ар­лар­дың эн­зоо­ти­я­лық ау­ру­ла­ры­ның про­фи­лак­ти­ка­сы мен ди­а­гно­сти­ка­сы бой­ын­ша ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­ды мем­ле­кет­тік са­тып алу­ды, ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­дың про­фи­лак­ти­ка­сы мен ди­а­гно­сти­ка­сы, олар­ды сақ­та­уды және та­сы­мал­да­уды (жет­кі­зу) ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді, жа­ну­ар­лар­дың эн­зоо­ти­я­лық ау­ру­ла­ры­ның про­фи­лак­ти­ка­сы мен ди­а­гно­сти­ка­сы бой­ын­ша ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар жүр­гі­зу­ді жү­зе­ге асы­ру бой­ын­ша та­лап­ты сақ­та­уы
8.
Мер­зім­де­рін көр­се­те оты­рып, ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бір­дей­лен­ді­ру­ді ұй­ым­да­сты­ру мен жүр­гі­зу жө­нін­де­гі та­лап­ты сақ­тау
9.
Про­фи­лак­ти­ка­сы мен ди­а­гно­сти­ка­сы бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен жү­зе­ге асы­ры­ла­тын жа­ну­ар­лар­дың эн­зоо­ти­я­лық ау­ру­ла­ры­ның бе­кі­ті­л­ген тіз­бе­сі­нің бо­луы
10.
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бір­дей­лен­ді­ру жө­нін­де­гі де­рекқор­ды жүр­гі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша та­лап­ты сақ­тау
11.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық есеп­ке алу жур­нал­да­ры­ның бо­луы және жүр­гі­зі­луі
12.
Үш жыл сақ­та­луы ти­іс бе­рі­л­ген ве­те­ри­на­ри­я­лық анық­та­ма­лар­ды, кө­шір­ме­лер мен тү­бір­тек­тер­ді есеп­ке алу­дың және бе­ру­дің бо­луы
Лауазымды адам (дар):
_________________ ______________ _______________________________________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
_________________ ______________ _______________________________________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
_________________ ______________ _______________________________________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Бақылау және қадағалау субъектінің (объектінің) басшысы
_________________ ______________ _______________________________________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Қолданыстағы