О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 25 сентября 2015 года № 76 «Об утверждении Положения о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по Актюбинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 25 сентября 2015 года № 76 «Об утверждении Положения о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по Актюбинской области»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 247/ке-қа
- Қабылданған күні
- 19.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 19.04.2021 155190_521838.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21KN000247
- ЭКБ идентификаторы
- 155190
- Редакция идентификаторы
- 155190_521838
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:33
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департментінің штатына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 826/қбп-қа бұйрығымен бекітілген жүргізілген ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістерге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
5-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Темір аудандық бөлімі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, қалалық типтегі Шұбарқұдық кенті. Қызмет көрсету аймағы - Темір ауданы;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Хромтау аудандық бөлімі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы. Қызмет көрсету аймағы - Хромтау және Әйтеке би аудандары;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Байғанин аудандық бөлімшесі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қарауылкелді ауылы. Қызмет көрсету аймағы – Байғанин және Ойыл аудандары.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберсін;