О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 25 сентября 2015 года № 76 «Об утверждении Положения о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по Актюбинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 25 сентября 2015 года № 76 «Об утверждении Положения о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по Актюбинской области»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 87/нс
- Қабылданған күні
- 24.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2024 198160_707704.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24KN000087
- ЭКБ идентификаторы
- 198160
- Редакция идентификаторы
- 198160_707704
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:54
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12212 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.
Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Мәртөк аудандық бөлімі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Мәртөк кенті. Қызмет көрсету аймағы – Мәртөк, Қобда және Қарғалы аудандары;
2) Мұғалжар аудандық бөлімі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы. Қызмет көрсету аймағы – Мұғалжар және Алға аудандары;
3) Темір аудандық бөлімі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Шұбарқұдық кенті. Қызмет көрсету аймағы – Темір ауданы;
4) Шалқар аудандық бөлімі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы. Қызмет көрсету аймағы – Шалқар және Ырғыз аудандары;
5) Хромтау аудандық бөлімі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы. Қызмет көрсету аймағы – Хромтау және Әйтеке би аудандары;
6) Байғанин аудандық бөлімшесі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қарауылкелді кенті. Қызмет көрсету аймағы – Байғанин және Ойыл аудандары.».
2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң Эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жіберсін.