Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 793 "Об утверждении перечня юридических лиц, исчисляющих налоги по ставкам физических лиц по объектам налогообложения, представленных в рамках реализации отраслевой программы развития регионов по договорам долгосрочной аренды жилища физическому лицу, являющемуся участником такой программы"

Бұйрық · № 475 · қабылданған 12.11.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2015-no-793/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 793 "Об утверждении перечня юридических лиц, исчисляющих налоги по ставкам физических лиц по объектам налогообложения, представленных в рамках реализации отраслевой программы развития регионов по договорам долгосрочной аренды жилища физическому лицу, являющемуся участником такой программы" Күшін жойған Бұйрық ·№ 475 ·12.11.2016
20.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 793 "Об утверждении перечня юридических лиц, исчисляющих налоги по ставкам физических лиц по объектам налогообложения, представленных в рамках реализации отраслевой программы развития регионов по договорам долгосрочной аренды жилища физическому лицу, являющемуся участником такой программы"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 475 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 793 "Об утверждении перечня юридических лиц, исчисляющих налоги по ставкам физических лиц по объектам налогообложения, представленных в рамках реализации отраслевой программы развития регионов по договорам долгосрочной аренды жилища физическому лицу, являющемуся участником такой программы"
Атауы (қаз.)
"Өңірлерді дамытудың салалық бағдарламасының қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарттары бойынша осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде берілген салық салу объектілері бойынша салықтарды жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 793 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
475
Қабылданған күні
12.11.2016
Көрсетілген редакция
20.02.2018 108143_303117.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014524
ЭКБ идентификаторы
108143
Редакция идентификаторы
108143_303117
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:18

0

«Өңірлерді дамытудың салалық бағдарламасының қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарттары бойынша осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде берілген салық салу объектілері бойынша салықтарды жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 793 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Өңірлерді дамытудың салалық бағдарламасының қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарттары бойынша осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде берілген салық салу объектілері бойынша салықтарды жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 793 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12922 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өңірлерді дамытудың салалық бағдарламасының қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарттары бойынша осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде берілген салық салу объектілері бойынша салықты жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңірлерді дамытудың салалық бағдарламасының қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарттары бойынша осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде берілген салық салу объектілері бойынша салықтарды жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) мынадай редакцияда жазылсын:
«Өңірлерді дамытудың салалық бағдарламасының қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарттары бойынша осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде берілген салық салу объектілері бойынша салықтарды жеке
тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесі»;
Тізбе мынадай мазмұндағы 2 және 3-жолдармен толықтырылсын:
«
2
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы
3
«Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы
».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 15 қараша

Қолданыстағы