Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 августа 2015 года № 883 «Об утверждении Правил субсидирования за счет бюджетных средств убытков перевозчиков, связанных с осуществлением социально значимых перевозок пассажиров»

Бұйрық · № 298 · қабылданған 15.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2015-no-883-ekb-143034/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 августа 2015 года № 883 «Об утверждении Правил субсидирования за счет бюджетных средств убытков перевозчиков, связанных с осуществлением социально значимых перевозок пассажиров» Қолданыста Бұйрық ·№ 298 ·15.05.2020
15.05.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 августа 2015 года № 883 «Об утверждении Правил субсидирования за счет бюджетных средств убытков перевозчиков, связанных с осуществлением социально значимых перевозок пассажиров»

Қолданыста Бұйрық ·№ 298 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 августа 2015 года № 883 «Об утверждении Правил субсидирования за счет бюджетных средств убытков перевозчиков, связанных с осуществлением социально значимых перевозок пассажиров»
Атауы (қаз.)
«Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
298
Қабылданған күні
15.05.2020
Көрсетілген редакция
15.05.2020 143034_463002.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020679
ЭКБ идентификаторы
143034
Редакция идентификаторы
143034_463002
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:30

0 «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы
№ 883 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-16) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау және «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Субсидиялауға тарифтерін облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) белгілейтін әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары арқылы тасымалдауды орындау нәтижелері бойынша пайда болған тасымалдаушының залалдары жатады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Тасымалдаушы есептік айдан кейінгі айдың 15 күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы ай сайынғы есепті (бұдан әрі – ай сайынғы есеп) жібереді. Қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақыны электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда Тасымалдаушы келесі есептік айдан кейінгі айдың 10-шы күніне дейінгі мерзімде уәкілетті ұйымға ай сайынғы есеп жібереді, кейін уәкілетті ұйым келесі есептік айдан кейінгі айдың 15-ші күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 3-1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыс туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға ұсынады.
«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 15-1 тармақпен толықтырылсын:
«15-1 Мемлекеттік қызметті алу үшін тасымалдаушы (жеке және заңды тұлғалар) жергілікті атқарушы органға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 3-3-қосымшаға сәйкес «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» (бұдан әрі – Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін жолдайды.
Стандарттың 8-тармағында қарастырылған құжаттар тізімінде:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын билеттерді сату жөніндегі есеп;
маршрут (километр) бойынша өткен жолға сүйеніп, қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақының электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Тасымалдаушының жолаушыларды маршруттарда тасымалдаумен байланысты шығыстарының көлемі жөніндегі есеп;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын жолаушылар тасымалынан түскен қаржылық қаражат туралы есеп;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын орындалған жұмыстардың актілері ұсынылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызметті көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Стандарттың 10-тармағында жазылған.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.»;
мынадай мазмұндағы 17-1, 17-2, 17-3 және 17-4-тармақтармен толықтырылсын:
«17-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар тапсырылған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды тасымалдаушыға қайтарады.
17-1 Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде тасымалдаушыға құжаттардың саны мен күнін және мемлекеттік қызметтің нәтижесін алған күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға тасымалдаушыдан жазбаша келісімін алады.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік корпорацияға өтініш беру және мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті алушының өкілі жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады, бұдан басқа көрсетілетін қызметті алушының өкілі Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне сәйкес оның өкілеттігін растайтын сенімхат ұсынады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
Тасымалдаушы 1 (бір) айдан кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның өтініші бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға жеткізу үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызметтің нәтижесін Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.
17-2. Жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы құжаттарды тапсырған кезде тасымалдаушыға келіп түскен күні, сұралған мемлекеттік қызмет түрі, тіркелген құжаттардың нөмірі мен атауы, мемлекеттік қызмет нәтижесін берген күні көрсетілген кез-келген нысанда тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
17-3. Жергілікті атқарушы орган құжаттарды алған күні тіркейді.
Жергілікті атқарушы орган заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлеметті «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды тасымалдаушыдан талап етуге жол берілмейді.
17-4. Егер тасымалдаушы Стандартта 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері немесе жергілікті атқарушы органның өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Тасымалдаушы Стандартта 8-тармағында көзделген тізбе бойынша құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жергілікті атқарушы орган 4 (төрт) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстар актісін қоса бере отырып, субсидия тағайындау туралы хабарлама немесе Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 6-3-қосымшаға сәйкес субсидияны тағайындамау туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі тасымалдаушыға қағаз түрінде Мемлекеттік корпорация немесе жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2-тармақтармен толықтырылсын:
«19-1. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
19-2. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жергілікті атқарушы органның басшысының атына беріледі.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органның мекенжайына келіп түскен тасымалдаушының шағымы тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарастырылуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен тасымалдаушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүгіне алады.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Отырыстың нәтижелері бойынша Бағдар құнын айқындау жөніндегі комиссия тасымалдаушыға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көліктік жұмыс төлеміне есептік шығындары түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде бағдар құнын айқындаудың дұрыстығын хаттама түрінде растайды және әлеуметтік мәні бар қатынастар тізбесін қалыптастырады.».
осы бұйрықтың 1 және 2 қосымшаларына сәйкес 3-2 және 3-3 қосымшалармен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 3, 4 және 5 қосымшаларға сәйкес 6-1, 6-2 және 6-3 қосымшалармен толықтырылсын.

2

2. «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 803 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19534 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 5 қарашада электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауға арналған өтініш

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 15 мамыры № 298
бұйрығына 1-қосымша
Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың шығындарын
бюджет қаражаты есебінен
субсидиялау қағидаларына
3-2-қосымша
Нысан
_____________________ облысы (қаласы)
бойынша жергілікті атқарушы
орган басшысы
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
кімнен______________________
(өтініш берушінің толық атауы,
бизнес сәйкестендіру нөмірі
немесе (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда) және жеке сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы, деректемелері,
телефоны)
Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауға арналған өтініш
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20__ жылғы «___» _________ (қолы).
20__жылғы «____»__________
_____________________________
(қолы, мөрі (бар болған жағдайда)

2 «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
20___ жылғы «___» ________
№ ____бұйрығына
2-қосымша
Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың шығындарын
бюджет қаражаты есебінен субсидиялау
қағидаларына 3-3-қосымша
«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­дар­дың, об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры.
2.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі.
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
5 (бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Қа­ғаз
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Орын­дал­ған жұ­мыс ак­ті­сі­нің қо­сым­ша­сын қо­са бе­ре оты­рып суб­си­дия та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма неме­се суб­си­ди­я­ны та­ғай­ын­да­мау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: қа­ғаз
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін.
7.
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі - жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға неме­се 15.00-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09.00-ден, 18.30-ға неме­се 19.00-ге дей­ін.
Өті­нім­дер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру са­ғат 13.00-ден 14.30-ға неме­се 15.00-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09.00-ден 17.30-ға неме­се 18.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек кү­ту тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді;
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден сен­бі­ні қо­са ал­ған ара­лық­та түс­кі ас­қа үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет же­дел қыз­мет көр­се­ту­сіз, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның таң­да­уы бой­ын­ша «элек­трон­ды» ке­зек тәр­ті­бін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ке­зек­ті брон­да­у­ға бо­ла­ды.
8.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін өті­ніш;
2) орын­дал­ған жұ­мыстар ак­ті­сі;
3) әле­умет­тік ма­ңы­зы бар ав­то­мо­биль қа­ты­на­ста­ры бой­ын­ша нақ­ты та­сы­мал­дан­ған жо­ла­у­шы­лар ту­ра­лы есеп;
4) би­лет­тер­ді са­ту жө­нін­де­гі есеп;
5) жо­ла­у­шы­лар та­сы­ма­лы­нан түс­кен қар­жы­лық қа­ра­жат ту­ра­лы есеп;
6) марш­рут (ки­ло­метр) бой­ын­ша өт­кен жол­ға сүй­е­ніп, қа­ла­лық (ауыл­дық) неме­се қа­ла ма­ңы қа­ты­на­ста­рын­да жо­ла­қы­ның элек­трон­дық тө­леу жүй­е­сін пай­да­лан­ған жағ­дай­да, Та­сы­мал­да­у­шы­ның жо­ла­у­шы­лар­ды марш­рут­тар­да та­сы­мал­да­у­мен бай­ла­ны­сты шы­ғы­ста­ры­ның кө­ле­мі жө­нін­де­гі есеп;
7) та­сы­мал­да­у­лар ауда­на­ра­лық (қа­ла­ара­лық об­лы­сі­ші­лік) неме­се ауда­ні­ші­лік қа­ты­на­стар­да жү­зе­ге асы­ры­л­ған жағ­дай­да, ав­то­вок­зал­дар­дың (ав­то­стан­ци­я­лар­дың) дис­пет­чер­лік қыз­ме­ті­нің құ­жа­ты неме­се ауыл­дық округ­тің әкі­мі­нен неме­се оны ал­ма­сты­ра­тын адам­нан осы марш­рут бой­ын­ша орын­дал­ған рей­стер­ді рас­тай­тын анық­та­ма­лар;
8) қа­ла­лық (ауыл­дық) неме­се қа­ла ма­ңы қа­ты­на­ста­рын­да жо­ла­қы­ның элек­трон­дық тө­леу жүй­е­сін пай­да­лан­ған жағ­дай­да, марш­рут (ки­ло­метр) бой­ын­ша өт­кен жол­ға сүй­е­ніп, осы марш­рут бой­ын­ша орын­дал­ған рей­стер­ді рас­та­у­шы ел­ді ме­кен­нің бі­рың­ғай дис­пет­чер­лік қыз­ме­ті­нен алын­ған құ­жат;
9) дис­пет­чер­лік қыз­мет­тің қа­ла­лық марш­рут­тар бой­ын­ша рей­стер­ді орын­да­ма­ға­нын рас­тай­тын (бар болған жағ­дай­да) құ­жа­ты.
9.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ті неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рін тоқ­та­та тұ­ру неме­се тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) болған.
10.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
Тір­ші­лік әре­ке­тін шек­тей­тін ағ­за функ­ци­я­ла­ры­ның тұ­рақ­ты бұ­зы­луы­мен ден­са­улы­ғын­да ақа­уы бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­дау қа­жет болған жағ­дай­да, Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы жү­гі­ну кө­ме­гі­мен Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі тұр­ғы­лық­ты жер­ге ба­рып жүр­гі­зе­ді.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры мы­на­дай ин­тер­нет-ре­сур­стар­да ор­на­лас­қан:
1) Ми­ни­стр­лік - www.​miid.​gov.​kz, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де;
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – www.​gov4c.​kz.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қа­шық­тық­тан қол­жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фо­ны 8 (7172) 98-35-48. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

3 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
20___ жылғы «___» ________
№ ____ бұйрығына
3-қосымша
Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың шығындарын
бюджет қаражаты есебінен субсидиялау
қағидаларына 6-1-қосымша
Нысан
__________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда) немесе ұйымының атауы) __________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес Сіздер құжаттардың толық топтамасын ұсынбау себебінен __________________________________ мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Ұсынылмаған құжаттардың атауы:
1)_________________________________________________________________;
2)_________________________________________________________________;
3)…
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.
___________________________________________ ________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
(Мемлекеттік корпорацияның қызметкері)
Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ____________________________________________________________________
Телефоны__________
Алдым:___________________________________ _______________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
20 ___ жылғы «___» ___________

4 Субсидияны тағайындау туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
20___ жылғы «___» ________
№ ____бұйрығына
4-қосымша
Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың шығындарын
бюджет қаражаты есебінен субсидиялау
қағидаларына 6-2-қосымша
Субсидияны тағайындау туралы хабарлама
Құрметті
_________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)
Сізді
_________________________________________________________________________________
(субсидияланатын бағыт)
бағыты бойынша субсидияны тағайындау бойынша шешім туралы хабарлаймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда,
_________________________________________________________________ жүгінуді сұраймыз.
(көрсетілетін қызметті берушіге)
Орындаушы: _________________________________________ ___________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын қолы)
Байланыс телефондары:
_________________________________________________________________________________

5 Субсидияны тағайындамау туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
20___ жылғы «___» ________
№ ____бұйрығына
5-қосымша
Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың шығындарын
бюджет қаражаты есебінен субсидиялау
қағидаларына 6-3-қосымша
Субсидияны тағайындамау туралы хабарлама
Құрметті
________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)
Сізді
________________________________________________________________________________
(субсидияланатын бағыт)
бағыты бойынша субсидияны тағайындамау бойынша шешім туралы хабарлаймыз.
Бас тартудың себебі:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Сұрақтар туындаған жағдайда
________________________________________________________________ жүгінуді сұраймыз.
(көрсетілетін қызметті берушіге)
Орындаушы: ________________________________________ _________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын қолы)
Байланыс телефондары:
_______________________________________________________________________________

Қолданыстағы