О внесении изменений в решение акима Шетского района от 25 марта 2015 года №02 «Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Шетского района от 25 марта 2015 года №02 «Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера»
- Атауы (қаз.)
- Шет ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 наурыздағы «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» №02 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 03
- Қабылданған күні
- 14.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 07.07.2015 90214_57058.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15KQ003149
- ЭКБ идентификаторы
- 90214
- Редакция идентификаторы
- 90214_57058
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:29
0 Шет ауданы әкімінің
2015 жылғы 25 наурыздағы
«Табиғи сипаттағы төтенше
жағдайды жариялау туралы»
№02 шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2015 жылғы 14 сәуірдегі №16 хаттамасы негізінде, Шет ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Шет ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 наурыздағы «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» №02 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің Тізіліміне №3079 санды болып тіркелген, аудандық «Шет шұғыласы» газетіне 2015 жылғы 2 сәуірдегі №13 (10 529) жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімінің 1 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Қарағанды облысы Шет ауданының Ақадыр, Мойынты кенттерінде, Ортау ауылдық округінің Босаға ауылында, Талды ауылдық округінің Талды ауылында және Ақсу-Аюлы ауылдық округінің Ақсу-Аюлы, Қайрақты ауылдарында, Сәкен Сейфуллин атындағы кентінде, Жарылғап батыр ауылында, Тағылы ауылдық округінің Жұмыскер ауылы, Өспен ауылдық округінің Еркіндік ауылында, Нұраталды, Краснаяполяна және Көктіңкөлі ауылдық округтерінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын».