Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Алматы от 25 марта 2016 года № 1/105 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере поддержки предпринимательской деятельности, оказываемых в городе Алматы»

Қаулы · № 3/436 · қабылданған 14.09.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2016-no-1105-ekb-106874/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Алматы от 25 марта 2016 года № 1/105 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере поддержки предпринимательской деятельности, оказываемых в городе Алматы» Күшін жойған Қаулы ·№ 3/436 ·14.09.2016
25.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Алматы от 25 марта 2016 года № 1/105 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере поддержки предпринимательской деятельности, оказываемых в городе Алматы»

Күшін жойған Қаулы ·№ 3/436 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Алматы от 25 марта 2016 года № 1/105 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере поддержки предпринимательской деятельности, оказываемых в городе Алматы»
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2016 жылғы 25 наурыздағы № 1/105 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3/436
Қабылданған күні
14.09.2016
Көрсетілген редакция
25.09.2020 106874_484281.kaz
Соңғы өзгеріс
25.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16R0001322
ЭКБ идентификаторы
106874
Редакция идентификаторы
106874_484281
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:48

0 Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»

2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 1/105 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 24 маусымдағы
№ 281 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2016 жылғы 25 наурыздағы № 1/105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1281 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 мамырда «Вечерний Алматы» және «Алматы ақшамы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) аталған қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

3 «3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не Стандарттың

9-1 тармағында көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тарту болып табылады;
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.»;
5 тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«6) көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруі, рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан берілетін үзінді хат немесе Стандарттың 9-1 тармағында көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тарту.»;
8 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

8

«8. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібінде көрсетіледі.
Стандарттың 4 тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, 21 (жиырма бір) жұмыс күнін құрайды.
Құжаттар топтамасын өткізу үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ
уақыты – 30 (отыз) минут;
Қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.».
Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес аталған регламенттің қосымшасы жаңа редакцияда бекітілсін.

2 2) аталған қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

3 «3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не Стандарттың

9-1 тармағында көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тарту болып табылады;
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.»;
5 тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

6 «6) көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруі, рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан берілетін үзінді хат не Стандарттың 9-1 тармағында көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тарту.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – алдын ала кепілдік хаты не қаржы агенттігінің уәкілетті органдарының теріс шешімінің себептері көрсетіле отырып, бас тарту туралы хабарламасы;
180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша – Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме»;
8 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

8

«8. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібінде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырғаннан кейін Стандарттың 4 тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі келесіні құрайды:
180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша - қаржы агенттігі екінші деңгейдегі банктен/Даму банкінен (бұдан әрі - Банк) құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Ұсынылған құжаттарға қатысты ескертулер және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулер және/немесе ақпаратты беру туралы сұратуды көрсетілетін қызмет беруші оларды жою үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша - қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алған күннен бастап - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
Егер көрсетілетін қызметті алушы мен қаржы агенттігінің кепілдігімен алынған кредиттер бойынша онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың жиынтық берешегі 180 млн. теңгеден асатын болса, онда бұдан кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Веб-портал 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алғаннан кейін - 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде.
Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулерді және/немесе ақпарат беру туралы сұратуды қаржы агенттігі жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін
3 (үш) жұмыс күні ішінде Банкке жолдайды. Бұл ретте, қаржы агенттігінің құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.
Банк қаржы агенттігіне көрсетілетін қызметті алушыдан «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық өтінім алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, қаржы агенттігі көрсетілетін қызметті алушыға кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты - 30 (отыз) минут;
Рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 1 (бір) сағат.».
Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес аталған регламенттің қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.

3 3) аталған қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

3 «3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі грант беру туралы шарт не Стандарттың 9-1 тармағында көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тарту болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.»;
5 тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«6) көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруі, рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан берілетін үзінді хат, не Стандарттың 9-1 тармағында көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тарту.»;
8 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

8

«8. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібінде көрсетіледі.
Стандарттың 4 тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, 48 (қырық сегіз) жұмыс күнін құрайды.
Құжаттар топтамасын өткізу үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ
уақыты – 30 (отыз) минут;
Қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.».
Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес аталған регламенттің қосымшасы жаңа редакцияда бекітілсін.

4 4) аталған қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

3 «3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не Стандарттың 9-1 тармағында көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тарту болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.».

2

2. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы осы қаулының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуін жүргізсін, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияласын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

17 Алматы қаласы әкімдігінің

2016 жылғы « 14 » қыркүйектегі
№ 3/436 қаулысына
1 қосымша
«Бизнестің жол картасы – 2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
кредиттер бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігіне
субсидия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша
«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

18 Алматы қаласы әкімдігінің

2016 жылғы « 14 » қыркүйектегі
№ 3/436 қаулысына
2 қосымша
«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
кредиттері бойынша кепілдіктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

19 Алматы қаласы әкімдігінің

2016 жылғы « 14 » қыркүйектегі
№ 3/436 қаулысына
3 қосымша
«Бизнестің жол картасы – 2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
мемлекеттік гранттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша
«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қолданыстағы