Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 февраля 2016 года № 114 «Об определении лицензиаров, уполномоченных органов на выдачу разрешений второй категории в сфере транспорта и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»

Қаулы · № 17 · қабылданған 21.01.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2016-no-114/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 февраля 2016 года № 114 «Об определении лицензиаров, уполномоченных органов на выдачу разрешений второй категории в сфере транспорта и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 17 ·21.01.2025
21.01.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 февраля 2016 года № 114 «Об определении лицензиаров, уполномоченных органов на выдачу разрешений второй категории в сфере транспорта и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 17 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 февраля 2016 года № 114 «Об определении лицензиаров, уполномоченных органов на выдачу разрешений второй категории в сфере транспорта и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Көлік саласындағы лицензиарларды, екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 114 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
17
Қабылданған күні
21.01.2025
Қолданысқа енгізілген күні
05.04.2025
Көрсетілген редакция
21.01.2025 206749_742523.kaz
Соңғы өзгеріс
21.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000017
ЭКБ идентификаторы
206749
Редакция идентификаторы
206749_742523
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:19

0

«Көлік саласындағы лицензиарларды, екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 114 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Көлік саласындағы лицензиарларды, екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 114 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті:
теміржол көлігі саласындағы жүктерді тасымалдау бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті, Теміржол және су көлігі комитеті:
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес автомобиль, су және теміржол көлігі саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдар болып;»;
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-1-жолмен толықтырылсын:
«
5-1.
Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсат беру
Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсат
»;
реттік нөмірі 14-жол алып тасталсын.

2 2. Осы қаулы 2025 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы