О внесении изменений в решение Хромтауского районного маслихата от 25 апреля 2016 года № 17 «О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Хромтаускому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Хромтауского районного маслихата от 25 апреля 2016 года № 17 «О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Хромтаускому району»
- Атауы (қаз.)
- Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 17 «Хромтау ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 382
- Қабылданған күні
- 26.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2021 136704_552477.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CL006512
- ЭКБ идентификаторы
- 136704
- Редакция идентификаторы
- 136704_552477
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:40
0 Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 17 «Хромтау ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай
жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 17 «Хромтау ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4925 тіркелген, 2016 жылдың 18 мамырында аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«Хромтау ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы»;
кіріспеде «, 704 бабының 3 тармағына» деген сөздер алып тасталсын;
1 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«Хромтау ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.».